» » "Ауыл Аманаты" жобасы: Қармақшы ауданында кәсіпкерлікті қолдау жұмыстары жалғасуда

"Ауыл Аманаты" жобасы: Қармақшы ауданында кәсіпкерлікті қолдау жұмыстары жалғасуда

"АMANAT" партиясы Қармақшы аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Ғ.Ақжігітов, аудандық партия филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Б.Сағымбаев, сондай-ақ Қармақшы аудандық мәслихатының депутаты, депутаттық фракция төрағасының орынбасары М.Асылов "Ауыл Аманаты" жобасы аясында жеңілдетілген несие алып, өз кәсібін бастаған Жосалы кенті тұрғындарының жұмыс барысымен танысты.

Сапар барысында партия өкілдері аудан орталығындағы кәсіпкерлердің өндіріс орындарын аралап, атқарып жатқан жұмыстарымен және жеткен жетістіктерімен танысты. Кәсіп иелері жобаның көмегімен алған несиенің өз ісін кеңейтуге, жаңа құрал-жабдық сатып алуға және қосымша жұмыс орындарын ашуға үлкен мүмкіндіктер бергенін атап өтті.

"Ауыл Аманаты" жобасы ауылдық жерде шағын және орта кәсіпкерлікті жандандырып, ауыл тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған ауқымды бастама болып табылады. Қолдау алған азаматтар ауылдың экономикалық дамуына үлес қосып, жергілікті нарыққа жаңа өнімдер мен қызмет түрлерін ұсынып келеді.

Кездесу барысында партия өкілдері кәсіпкерлердің ұсыныс-пікірлерін тыңдап, алдағы уақытта жобаның тиімді іске асырылуына тұрақты мониторинг жүргізілетінін және партия тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізді.

"AMANAT" партиясы ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған бастамаларды одан әрі қолдап, олардың жүзеге асырылуын жіті бақылауда ұстайтын болады.
05 желтоқсан 2025 ж. 117 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№7 (10475)

27 қаңтар 2026 ж.

№6 (10474)

24 қаңтар 2026 ж.

№5 (10473)

21 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 314
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 184

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031