» » КІТАП ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ

КІТАП ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ

Балаларға сапалы тәрбие берудің, олардың дүниетанымын кеңейтіп, тұлға болып қалыптасуына ықпал етудің ең тиімді жолдарының бірі – көркем әдебиет. Кітап – сарқылмас рухани қазына, білім мен тәрбиенің алтын арқауы. Сондықтан жас ұрпақтың бойына кітап оқуға деген сүйіспеншілікті сіңіру – бүгінгі қоғамның маңызды міндеттерінің бірі.
Ал 2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күні. Бұл мереке 1967 жылдан бастап Халықаралық балалар кітабы кеңесінің шешімімен жыл сайын аталып өтеді. Атаулы күннің дәл осы күнге белгіленуінің өзіндік мәні бар. Ол – әлемге әйгілі дат жазушысы, ұлы ертегіші Ганс Христиан Андерсеннің туған күні. Андерсеннің шығармалары тек балалар үшін ғана емес, ересектер үшін де терең мағынаға ие, адамгершілік пен ізгілікке тәрбиелейтін құндылығымен ерекшеленеді.
Атаулы күнге орай кент кітапханасында «Балақай, оқы қызық!» атты кітапханаға танымдық саяхат ұйымдастырылды. Аталған шараға кент орталығындағы №21 «Тоғжан» бөбекжай-бақшасының тәрбиеленушілері қатысты. Балаларды кітап әлеміне жетелеген тәрбиешілер Асыл Ахметова мен Айша Жүсіпбекованың еңбегі ерекше.
Саяхат барысында «Ботақан» мектепалды даярлық тобының бүлдіршіндері кітапхананың тыныстіршілігімен танысып, арнайы ұйымдастырылған «Ертегілер әлемі» және «Балалар әдебиетінің керуені» атты кітап көрмелерін тамашалады. Көрмеге қойылған түрлі-түсті суретті кітаптар балалардың ерекше қызығушылығын оятып, олардың қиялын шарықтатты. Әсіресе, халық ауыз әдебиетінің інжу-маржандары саналатын ертегілер жинағы кішкентай оқырмандардың назарын аударды.
Шара барысында балалар «Мақта қыз бен мысық» ертегісін тамашалап, кейіпкерлердің іс-әрекеттері арқылы достық, адалдық, еңбекқорлық секілді адамгершілік қасиеттердің мәнін ұғынды. Ертегі желісі арқылы бүлдіршіндерге жақсылық пен жамандықтың аражігін ажырату, үлкенді сыйлау, уәдеге берік болу сияқты тәрбиелік маңызы зор ұғымдар түсіндірілді.
Кітапхана қызметкерлері балалармен еркін әңгімелесіп, кітаптың адам өміріндегі орны мен маңызы туралы қызықты деректермен бөлісті. Сонымен қатар, кішкентай оқырмандарға кітапты қалай дұрыс, күтіп ұстау мәдениеті жөнінде де ақпарат берілді.
Кітапханаға жасалған саяхат бүлдіршіндердің жүрегінде жылы әсер қалдырып, кітапқа деген сүйіспеншілігін оятқаны анық. Кітап – адамзаттың ең сенімді досы, ал оны ерте жастан таныған бала болашақта білімді, саналы азамат болып қалыптасары анық.
«ҚТ» ақпарат
07 сәуір 2026 ж. 87 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 806
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 506

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930