» » ҚҰНДЫЛЫҚ ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ

ҚҰНДЫЛЫҚ ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ

Еліміздің әр түкпірінде Халықаралық балалар кітабы күніне орай ұйымдастырылатын іс-шара ауданға қарасты Ақжар ауылдық кітапханасында да атап өтілді. «Кітап әлеміне саяхат» тақырыбындағы іс-шараның басты мақсаты – балаларды кітап оқуға, оқу мәдениетіне баулу және әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыру.
Мерекелік кештің бағдарламасы ерекше әрі тартымды болды. Кешке Ақжар ауылы No7 «Шаттық» бөбекжай бақшасының «Қызғалдақ» ересектер тобы мен жетекшілері Гүлжазира Таубаева және Ақмарал Рахымжанова қатысты. Балалар үшін танымал ертегілер мен әдеби шығармалар бойынша қойылымдар қойылып, кітаптардың мәні мен маңызы туралы әңгімелер айтылды. Іс-шараның басты бөлімі балаларды «Кел досым кітапханаға» әсем әнімен қарсы алып, кітап көрмесі таныстырылды. «Шалқан» ертегісінен қойылым қойылса, «Ақ әжелер» ансамблінің мүшесі Жанат Лекерова «Сиқырлы ормандағы саяхат» атты ертегі оқып балаларға жақсы көңіл күй сыйлады. Ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай балалар өлеңдерін жатқа оқып, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің басшысы Күлшара Қаниеваның Алғыс хатымен марапатталды.
Мерекелік кештің келесі бөлімінде балалар клуб үйіндегі лэд экраннан «Маймақ қаз» ертегісін тамашалады. Ерекше форматтағы кеш балалар үшін дайындалған шағын фуршетпен аяқталды. Осылайша халықаралық балалар кітабы күні жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, келешек ұрпақтың рухани байлығы мен мәдени деңгейінің жоғары болуына негіз қаланды. Балалардың әдебиет әлеміне жасаған бұл ерекше саяхаты олардың бойында жаңа білімге деген құштарлықты оятып, кітаптың сырлы әлеміне деген махаббатын арттырғаны сөзсіз.
Ақмарал ӘМІРАЛИЕВА,
кітапханашы
06 сәуір 2025 ж. 424 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (10393)

08 сәуір 2025 ж.

№24 (10392)

05 сәуір 2025 ж.

№23 (10391)

01 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 590
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930