» » «КӨГІЛДІР ОТЫН» – АУЫЛ ДАМУЫНЫҢ КЕПІЛІ

«КӨГІЛДІР ОТЫН» – АУЫЛ ДАМУЫНЫҢ КЕПІЛІ

Мемлекет дамуының негізгі көрсеткіштерінің бірі – елді мекендердің инфрақұрылымдық жағдайы мен тұрғындардың тұрмыс сапасы. Бұл бағытта Мемлекет басшысы айқындап берген стратегиялық міндеттер бүгінде еліміздің барлық өңірінде жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Әсіресе, халықты табиғи газбен қамтамасыз ету – әлеуметтік маңызы зор, ұзақ мерзімді игілік әкелетін маңызды бастамалардың бірі.
Соңғы жылдары Қызылорда облысы көлемінде «көгілдір отынмен» қамту жұмыстары қарқын алып, шалғай ауылдарға дейін газ жеткізу мәселесі кезеңкезеңімен шешімін табуда. Соның нақты дәлелі – киелі Сыр өңіріндегі аудандарда жүзеге асып жатқан ауқымды жобалар.
Осы аптада ауданымызда маңызды оқиға орын алды. Аудан әкімі Жандос Еркінбектің қатысуымен Жосалы ауылдық округін табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстарының басталуына арналған салтанатты ісшара өтті. Бұл – тұрғындардың көптен күткен қуанышы, ауыл өміріне жаңа серпін беретін тарихи сәт.
Салтанатты жиында сөз сөйлеген аудан басшысы жобаның әлеуметтік-экономикалық маңыздылығына ерекше тоқталып, бұл бастаманың халықтың тұрмыс сапасын арттырудағы рөліне назар аударды. Оның айтуынша, газдандыру – тек тұрмыстық қолайлылық емес, сонымен қатар экологиялық ахуалды жақсартудың, кәсіпкерлікті дамытудың және ауылдың өркендеуінің негізгі тетігі.
Жалпы, 2020-2024 жылдар аралығында өңірде атқарылған жұмыстар ауқымды. Атап айтқанда, Жосалы және Төретам кенттері, Ақай елді мекені мен Жосалы кентіндегі «Тәуелсіздік» ықшам ауданы толықтай табиғи газбен қамтамасыз етілді. Бұл мақсатқа 5,5 млрд теңге көлемінде қаржы бөлініп, жұмыстар сапалы әрі уақытылы аяқталды. Нәтижесінде мыңдаған тұрғын «көгілдір отын» игілігін көруде.
Сондай-ақ өткен жылдың желтоқсан айында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Дүр Оңғар ауылына газ жеткізу жобасы іске қосылды. Құны 7 млрд теңгеден асатын бұл жоба да өңір тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадам болды.
Биыл да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табуда. Атап айтқанда, Төребай би ауылын газдандыру жобасына республикалық бюджеттен 497 млн теңге бөлінді. Жоба аясында 21 шақырымнан астам газ құбыры тартылып, алдағы жылу беру маусымына дейін ауыл тұрғындары табиғи газға қосылады деп жоспарлануда.
Сонымен қатар, жалпы құны 379 млн теңгені құрайтын Иіркөл ауылын газдандыру жұмыстары да басталмақ. Бұл жобалар жүзеге асқан жағдайда өңірдегі елді мекендердің басым бөлігі толықтай «көгілдір отынмен» қамтылатын болады.
Салтанатты шара барысында ауыл тұрғындары да өз ризашылықтарын білдірді. Еңбек ардагері Сабытбек Жолмаханов сөз алып, ел игілігі жолындағы мұндай бастамалардың маңыздылығын атап өтті. Ал ауыл ақсақалы Жақсылық Жалғасбаев ақ батасын беріп, басталған істің берекелі болуына тілектестігін жеткізді.
Аудан басшысы алдағы уақытта да мұндай жобалар жалғасын табатынын атап өтті. Оның айтуынша, халықтың әл-ауқатын арттыру – басты міндет, ал бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырыла береді.
Шын мәнінде, газдандыру жобалары – тек бүгінгі күннің емес, болашақтың да игілігі. Бұл – ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін жаңа сатыға көтеретін, өңірдің экономикалық әлеуетін арттыратын маңызды фактор. Ел бірлігі мен ортақ мақсатқа деген ұмтылыс бар жерде мұндай игі істердің нәтижелі болары сөзсіз.
Ерсін ӘБЛӘКИЕВ
05 сәуір 2026 ж. 85 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 800
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 501

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930