» » ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕ ГАЗ ИГІЛІГІН КӨРЕТІН КҮН ЖАҚЫН

ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕ ГАЗ ИГІЛІГІН КӨРЕТІН КҮН ЖАҚЫН

Ел тұрғындарының жайлы ортада өмір сүруіне ерекше әсерін тигізетін бағыттың бірі – табиғи газбен қамту саласы. Елімізде бұл бағыттағы жұмыстар Энергетика министрлігінің жетекшілігімен тоқтаусыз жүргізіліп, жыл сайын оң нәтижеге қол жеткізіп келеді. Әсіресе соңғы жылдары Сыр өңірінде жұртшылықты «көгілдір отынмен» қамтуға айрықша маңыз берілуде.
Бүгінде «көгілдір отынмен» қамтылған шалғайдағы ауыл-аймақ тұрғындары от жағып, күл шығару машақатынан бір жола құтылуда. Бұл бағыттағы бастамаларды әлі де ширата түсу аймақ басшысының міндетінде тұр. Жалпы облысымызда былтырдан бері газдандыру жұмыстары жанданған. Биыл тағы оннан аса елді мекен «көгілдір отынға» қосылмақ. Соның қатарында Қармақшы ауданы да бар.
Қазіргі таңда аудан халқының 78 пайызы табиғи газдың игілігін көруде. Мәселен, аудан бойынша халық саны 51286 адам болса, табиғи газбен қамтылған Жосалы кентінде 21140 адам, Төретам кентінде 12396 адам, Ақай ауылында 6488 адам «көгілдір отынды» пайдаланып отыр. Биыл да елді мекендерге газ тарту бағытындағы ауқымды жұмыс жалғасуда. Бұл жобалар Дүр Оңғар, Төребай би және Иіркөл ауылдарына бағыт алған.
Дүр Оңғарға қатысты жобаның жалпы құны 7 млрд 172 млн теңгені құраса, былтыр облыстық бюджеттен 1,7 млрд теңге қаржы бөлініп, жұмысы басталған. Биыл екінші жартыжылдықта Ұлттық қордан 5,2 млрд теңге қаралып, мердігермен қосымша келісімшарт жасалуда. Құрылыс-монтаж жұмыстарын «МБК Құрылыс» ЖШС жүргізуде. Жоба аясында 86,9 шақырым газ құбыры, оның ішінде жоғары қысымды 62,5 шақырым, орташа қысымды 1,6 шақырым, төмен қысымды 22,8 шақырым жүргізіліп, қосымша 3 газ реттегіш шкафты пункттер орнатылады.
Ал Иіркөл және Төребай би ауылдарына газ желілерін тарту жұмыстарына жобасметалық құжаттары әзірленіп, облыстық бюджеттен 643,4 млн теңге қаржы қаралып отыр. Бүгінгі күні мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.
Облыстың түкпір-түкпіріне газ желілерін тарту оңай шаруа емес. Ол алдымен уақыт пен қыруар қаржыны талап етеді. Десе де бұрындары от жағып, күл шығарып жүрген ауыл тұрғындары біртіндеп «көгілдір отынға» қол жеткізуде. Аталған жұмыстардың нәтижесінде көмір тұтыну азайып, ауа сапасы жақсарып, экологиялық ахуалдың дұрысталуына септігін тигізіп жатыр. Оған қоса қазақстандық отбасылардың тұрмысы жеңілдеп, өмір сүру сапасы көтеріліп, отынға жаратылатын шығын да едәуір азайды. Дәл бүгінгідей жүйелі жұмыс жалғасса, өңірдегі тұрғындар үш-төрт жыл ішінде толықтай «көгілдір отынмен» қамтамасыз етілетіні сөзсіз.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
04 тамыз 2025 ж. 139 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№63 (10431)

23 тамыз 2025 ж.

№62 (10430)

19 тамыз 2025 ж.

№61 (10429)

16 тамыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 272
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031