Құрылтай
» » МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ


Аудан әкімінің орынбасары Диас Асылбекұлының төрағалығымен аудан әкімдігінің мәжіліс залында Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Жиында мемлекеттік мекемелерде ұлттық белгілердің қолданылуы барысында анықталған кемшіліктер қаралды.

Бекітілген күн тәртібіне сәйкес аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Нұржан Шәпидің есебі тыңдалып, осы салаға бағытталған мәселелер жан-жақты талқыланды.

Сондай-ақ мәжілісте:
«Елдігімізді, егемендігімізді бейнелейтін мемлекеттік рәміздер – еліміздің мәртебесін, ұлттық нышандарын көрсететін ерекше қастерлі белгі. Сондықтан да, мемлекетіміздің рәміздерді қолдану мен насихаттаудың, құрметтеуді үнемі назарда ұстауымыз керек. Халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын бейнелейтін ерекше құнды белгілерді құрметтейік»,- деді Диас Асылбекұлы.

Жиын соңында тиісті сала басшылары мен кент, ауылдық округ әкімдеріне ұлттық нышандарды насихаттау жұмыстарын күшейту жөнінде бірқатар тапсырмалар берілді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

03 сәуір 2026 ж. 91 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 665
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 117

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31