» » ТАПСЫРМАЛАРДЫҢ ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ТАПСЫРМАЛАРДЫҢ ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ


Аудан әкімінің орынбасары Шыңғыс Сыдықовтың төрағалығымен өткен мәжілісте ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері жан-жақты қаралды.

Жиында аудан экономикасының негізгі тірегінің бірі саналатын ауыл шаруашылығы саласына инновациялық технологияларды енгізу, су ресурстарын тиімді пайдалану жұмыстары талқыланды. Оның ішінде тамшылатып суару әдістерін енгізу арқылы егіс алқаптарының өнімділігін арттыру қажеттігі көтерілді.

Сонымен қатар кәсіпкерлік саласында жаңа өндіріс орындарын ашу, инвестиция тарту және мемлекеттік бағдарламалар аясында кәсіпкерлерді қолдау мәселелері де қозғалды.

Жиында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мәселесіне ерекше назар аударылды. Қазіргі таңда бірқатар өнімдер бойынша баға өсімі байқалуда. Осыған байланысты тұрақты мониторинг жүргізу қажеттігі қатаң айтылды.

Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес, жауапты бөлімдерге ауылдық округтердегі бағаның негізсіз өспеуін қадағалау және тұрғындарды қолжетімді өнімдермен қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізу тапсырылуда.

Жиын қорытындысында барлық жауапты тұлғаларға тапсырмалар беріліп, олардың орындалуы қатаң бақылауға алынатыны ескертілді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

01 сәуір 2026 ж. 144 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 291
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 443

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30