» » ЗАҢ МЕН ТӘРТІП - ӘР ОТБАСЫНЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП - ӘР ОТБАСЫНЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ


Оқу жылының үшінші тоқсанындағы демалыс кезеңінде жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 26-28 наурыз күндері «Демалыс» жедел профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылды. Аталған шараға құқық қорғау органдарымен қатар білім, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, қоғамдық даму басқармасының өкілдері, жастар ресурстық орталығы мен прокуратура қызметкерлері жұмылдырылып, барлығы 474 маман қатысқан. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында облыстық полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Ердәулет Жаукеев мәлімдеді.

«Аталған іс-шара нәтижесінде кәмелетке толмағандардың қатысуымен қылмыстың орын алуына жол берілмегенімен, 298 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде ата-аналық міндетін тиісінше орындамаған 22 заңды өкіл жауапкершілікке тартылса, түнгі уақытта жасөспірімдердің ойын-сауық орындарында болуына жол берген кәсіп иелеріне де шара қолданылды. Сонымен қатар, түнгі мезгілде заңды өкілдерінсіз жүрген 260 жасөспірімнің ата-аналарына қатысты әкімшілік хаттама рәсімделді. Бұдан бөлек, бала тәрбиесіне салғырт қарайтын 13 ата-ана профилактикалық есепке алынды. Қазіргі таңда жасөспірімдерге қарсы жасалатын қылмыстар қоғамды алаңдатып отырған өзекті мәселелердің бірі. Әрбір ата-ана баласының қауіпсіздігіне тікелей өзі жауапты екенін ұмытпауы тиіс», – деп атап өтті Ердәулет Баянбайұлы.

Спикер қоғамды заң мен тәртіпті сақтауға шақыра отырып, бұл қағиданың негізі ең алдымен әр отбасының жауапкершілігін терең түсінуден басталатынын атап өтті. Оның айтуынша, бала тәрбиесі тек білім беру мекемелерінің немесе құқық қорғау органдарының ғана емес, ең алдымен ата-ананың басты міндеті.
Сондықтан әрбір ата-ана баласының бос уақытын тиімді ұйымдастырып, оның қайда, кіммен жүргенін бақылауда ұстап, қауіпсіздігін қамтамасыз етуге айрықша мән беруі тиіс. Жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін қалыптастыру, заңға құрметпен қарауға үйрету қоғамдағы тәртіп пен тұрақтылықтың кепілі.

31 наурыз 2026 ж. 41 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 749
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 111

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 477

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031