» » ӨҢІРДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КҮШЕЙТІЛДІ

ӨҢІРДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КҮШЕЙТІЛДІ


Қызылордада «Учаске» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында 44 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ердәулет Жаукеев мәлімдеді.
Өңірде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қоғамдық қауіпсіздікті нығайту мақсатында 1 қыркүйек пен 1 желтоқсан аралығында «Учаске» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
"Іс-шара басталғалы 43 479 пәтер, 122 646 жер үй, саяжайлар мен шаруа қожалықтары толық тексерілді. Жалға берілетін пәтер иелерімен тиісті профилактикалық түсіндіру жұмысы жүргізіліп, учаскелік инспекторлардың қатысуымен есептегі тұлғалар жан-жақты бақылаудан өтті. Тексеру барысында шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған 772 тұрғын, 261 әкімшілік қадағалаудағы тұлға, 1277 пробация есебіндегі және 290 қолайсыз отбасы тұрғылықты мекенжайларында тексерілді.
Сонымен қатар, азаматтық қару айналымына қатысты да бірқатар құқық бұзушылықтар анықталды. Ішкі істер органдарында тіркелген 9 928 қару иесі тексеріліп, қаруды сақтау және тасымалдау ережесін бұзудың 103 дерегі, тіркеу тәртібін бұзудың 59 фактісі белгілі болды. Нәтижесінде тиісті әкімшілік хаттамалар толтырылып, заң талаптарын сақтамағандарға шара қолданылды, деді Ердәулет Баянбайұлы.
Жалпы «Учаске» шарасы аясында 44 849 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Іс-шараның нәтижесінде өңірдегі құқық бұзушылық деңгейі 4 пайызға төмендеген.

26 қараша 2025 ж. 97 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 764
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 125

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 485

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930