» » Аймақта "Учаске" профилактикалық шарасы өтуде

Аймақта "Учаске" профилактикалық шарасы өтуде




1 қыркүйектен бастап облыс аумағында «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде. Шараның алғашқы 10 күнінің қорытындысымен облыс көлемінде 25 691 тұрғын үй араланған. Саяжай үйлері мен шаруа қожалықтары да тексерістен тысқары қалмады. Шара жұмысын жүйелеуге 705 адам жұмылдырылған. Айта кетейік профилактикалық іс-шара 1 қарашаға дейін жалғасады. Бұл туралы облыстық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Рауан Әлдешов мәлімдеді.

- Жалпы облыс көлемінде 166 151 тұрғын үйдің 25 691 үйі араланды. Сонымен қатар 245 саяжай үйлерімен 321 шаруа қожалықтары тексерілді. Есептегі элементтер оның ішінде 203 шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған, 60 әкімшілік қадағалау орнатылған, 68 ерекше талап белгіленген, 117 қорғау нұсқамасы шығарылған , 206 әкімшілік қадағалауға формальді түрде жататын, 557 пробация есебіндегі адамдар, 36 қолайсыз отбасы мекен-жайларынан тексеріліп, олармен қайта қылмыс жасамау бағытында профилактикалық шаралар жүргізілді. Тіркеуде жоқ 6 аңшы қару тәркіленіп, сақтау ережесін бұзған 5 қару иесіне 484 және 486 әкімшілік хаттама рәсімделді. Құқық бұзушылық жасаған 42 кәмелетке толмағандар ұсталып, 15 бейімдеу орталығына жатқызылса, 27 әр түрлі құқық бұзушылықтары бойынша хаттама толтырылды. Қоғамдық оқшаулаумен байланысты емес жазаны өтеудің шарты мен тәртібін бұзған 24 дерегі анықталды. Бұл жұмыстар алдағы 2 ай көлемінде жалғасын табатын болады,- деді Рауан Қырымұлы.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
12 қыркүйек 2025 ж. 84 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (10446)

14 қазан 2025 ж.

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 645
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 411

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031