» » ОБЛЫСТА «КӨКТЕМГІ ДЕМАЛЫС» ЖЕДЕЛ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ

ОБЛЫСТА «КӨКТЕМГІ ДЕМАЛЫС» ЖЕДЕЛ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ


Шараның негізгі мақсаты - облыс көлемінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету. Сондай-ақ көшелерде, басқа да қоғамдық орындарда кәмелетке толмағандардың арасында және оларға қарсы жасалатын қылмыстарды, оның ішінде бұзақылықты болдырмау. Тәртіп бұзушылықты болдырмау мақсатында арнайы рейдтік жұмыстар жүйелі жүргізілген. Шараның нәтижесін облыстық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ердәулет Жаукеев мәлімдеді.

- Іс-шара барысында қалалық Полиция басқармасы мен барлық аудандық полиция бөлімдерінің қызметкерлері жастар ресурстық орталық өкілдері, педагогикалық ұжымды тарта отырып, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу, кәмелетке толмағандарды түнгі уақытта ойын-сауық орындарында және үй-жайдан тыс жүргендерін анықтау мақсатында рейдтік іс-шаралар ұйымдастырды. Іс – шараның қорытындысымен барлығы 296 түрлі әкімшілік хаттамалар ресімделсе, 11 кәмелетке толмаған ішкі істер органдарының есебіне алынды. Түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде болған барлығы 235 кәмелетке толмаған анықталып, олардың заңды өкілдеріне хаттама толтырылды. Ішкі істер органдарының есебіне барлығы 11 жасөспірім алынса, ал кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және бағып-күту жөніндегі өздерінің міндеттерін орындамайтын, олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін кәмелетке толмағандардың ата-аналары мен заңды өкілдерінің профилактикалық есебіне барлығы 13 ата-ана алынды. Кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалатын құқықбұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстар жалғасуда,- деді Ердәулет Баянбайұлы.

03 сәуір 2025 ж. 393 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 634
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 406

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031