» » ЕҢБЕГІ ЕЛЕНГЕН ЕЛ ЖАНАШЫРЫ

ЕҢБЕГІ ЕЛЕНГЕН ЕЛ ЖАНАШЫРЫ

Еліміздің қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, өңірдің дамуына өз үлесін қосып жүрген қайраткердің бірі – партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова. Ол өзінің қажырлы еңбегі мен белсенді азаматтық ұстанымы арқылы ел құрметіне бөленіп келеді.
Жақында ол «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының жұмысына қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен жоғары мемлекеттік награда – «Құрмет» орденімен марапатталды.
Ләйлә Бегалықызы – ауданымыздың тумасы. Н.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтында орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мамандығы бойынша білім алып, кейін Қызылорда экономика және құқық академиялық университетінде заңгер мамандығын тәмамдаған. Алғашқы еңбек жолын №250 орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімінен бастап, әр жылдары облыс деңгейінде түрлі жауапты қызметтер атқарып, тәжірибе жинақтады. Қай қызметте болса да жауапкершілік пен іскерлікті ту етіп, ұйымдастырушылық қабілеті мен бастамашылдығының арқасында әріптестері арасында сыйлы маман ретінде танылды. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, өңірдің әлеуметтік-саяси дамуы жолында аянбай еңбек етіп келеді.
Ол қызметтік жолында көптеген марапатқа ие болған. Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10, 20, 25 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған. 2012 жылы Қызылорда қаласының Құрмет грамотасын иеленсе, 2019 жылы «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен және «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталған. 2020 жылы Қызылорда облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталып, 2022 жылы «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісін алған. Бұл марапаттардың барлығы – оның елге сіңірген еңбегінің айқын дәлелі.
Ләйлә Бегалықызы қызмет барысында тек кәсіби біліктілігімен ғана емес, қарапайымдылығымен, адамгершілік қасиеттерімен де әріптестерінің және көпшіліктің құрметіне бөленуде. Қай істе болсын ел мүддесін басты орынға қояды.
Елге сіңірген адал еңбек пен жауапты қызмет әрқашан құрметке лайық. Осындай табандылық пен еңбекқорлықтың арқасында Ләйлә Төрешова бүгінде абыройлы қызмет атқарып, өзгелерге үлгі болып жүрген жандардың бірі. Алдағы уақытта да оның ел игілігі жолындағы еңбегі жалғасын таба беретініне сеніміміз мол.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
28 наурыз 2026 ж. 88 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

№20 (10487)

17 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 729
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 72

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 464

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031