» » Студенттерді әлеуметтік қолдау

Студенттерді әлеуметтік қолдау


qarmaqshy-tany.kz 2023 жылға бөлінген облыс әкімінің оқу гранты Қармақшы ауданы бойынша төмендегідей белгіленді:
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті бойынша: Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі – 1 орын (таңдау пәні – орыс тілі, орыс тілі әдебиеті);
Шет тілі екі шетел тілі – 1 орын (таңдау пәні – шет тілі, дүниежүзі тарихы);
Тарих – 1 орын (тандау пәні­ дүниежүзі тарихы, география);
Физика – 1 орын (таңдау пәні – физика, математика);
Агрономия – 2 орын (таңдау пәні – биология, химия);
Су ресурстары және суды пайдалану – 1 орын (таңдау пәні – математика, физика).
«Нұр Мүбарак» университеті бойынша:
Дінтанушы/Исламтанушы – 1 орын (таңдау пәні – шығармашылық емтихан)
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті
Жалпы медицина – 4 орын (таңдау пәні биология, химия)
Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің үш еселенген шамасынан төмен халықтың әлеуметтік осал топтары үшін, атап айтқанда:
жетім балаларға;
мүгедектігі бар балаларға;
ата­анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
балалар үйлері мен балалар ауылдарының тәрбиеленушілеріне;
асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы алатын балаларға;
ата-­анасының екеуі де жасына байланысты зейнеткер болып табылатын немесе біреуі мүгедектігі бар адам болып табылатын балаларға;
құрамында бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары,
Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінен (40567 теңге) аспайтын аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар қатыса алады.
Облыс әкімінің грантына өтініштер, 2023 жылдың 10 тамызынан бастап Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімімен қабылданады.
Туындаған сұрақтармен 2­16­53 телефонына байланысуға болады.
Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі

14 тамыз 2023 ж. 405 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 612
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 388

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031