» » Студентерді әлеуметтік қолдау

Студентерді әлеуметтік қолдау

Облыс әкімінің бастамасымен Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарында білім алу үшін өңірге қажет мамандықтар бойынша грант бөлініп келеді. Облыс әкімінің грантына үміткерлердің әлеуметтік жағдайы, сондай-ақ, білім деңгейі аудан әкімдігі жанынан құрылған арнайы комиссиямен сараланып, шешімімен іріктеледі.
Әрбір жоғарғы оқу орнымен жасалған екі жақты келісім-шарттарға сәйкес оқу ақысымен қатар әр балаға тамақтану мен тұру шығындары өтеледі.
Облыс әкімінің грантын тағайындау жұмыстары жөніндегі Кеңес отырысының хаттамасына сәйкес өңірге қажетті мамандықтар бойынша 2022 жылға бөлінген облыс әкімінің оқу гранты Қармақшы ауданы бойынша төмендегідей белгіленді:
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті бойынша:
тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі – 1 орын (таңдау пәні – орыс тілі, орыс тілі әдебиеті);
Математика пәні мұғалімі (орыс бөліміне) – 1 орын (таңдау пәні – математика, физика);
Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі (орыс бөліміне) – 1 орын (тандау пәні – биология, география);
Журналистика және ақпарат – 1 орын (таңдау пәні – екі шығармашылық емтихан);
Дәстүрлі музыка өнері – 1 орын (таңдау пәні – екі шығармашылық емтихан);
«Нұр Мүбарак» университеті бойынша: Теолог/Дінтанушы – 1 орын (таңдау пәні – шығармашылық емтихан)
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті: Жалпы медицина – 1 орын (таңдау пәні биология, химия)
М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті бойынша: Жалпы медицина – 1 орын (таңдау пәні – биология, химия).
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті: Саясаттанушы – 1 орын (таңдау пәні – дүниежүзі тарихы, ағылшын)
Болашақ университеті: Шет тілі – 1 орын (тандау пәні – шет тілі, дүниежүзі тарихы)
Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университеті: Ветеринар медицина – 1 орын (тандау пәні – биология, химия)
Қармақшы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 16 ақпанындағы No11 «Әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларын бекiту туралы» шешiмiне сәйкес Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын, өтініш берген уақыттың алдыңғы тоқсандағы жан басына шаққандағы орташа табысы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің үш еселенген шамасынан төмен халықтың әлеуметтік осал топтары үшін, атап айтқанда:
жетім балаларға;
мүгедектігі бар балаларға; ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
балалар үйлері мен балалар ауылдарының тәрбиеленушілеріне; асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы алатын балаларға;
ата-анасының екеуі де жасына байланысты зейнеткер болып табылатын немесе біреуі мүгедектігі бар адам болып табылатын балаларға;
құрамында бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларындағы балаларға;
Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын, өтініш берген алдынғы тоқсандағы жан басына шаққандағы орташа табысы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінен (43100 теңге) аспайтын аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға;
Облыс әкімінің грантына үміткерлерден арнайы комиссияға ұсынылатын құжаттар тізбесі:
1. Өтініш белгіленген нысанда;
2. Азаматтың 2022 жылдың 2 тоқсанына (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтері;
3. Өтініш берушінің 2022 жылғы ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижесі бойынша алған сертификат көшірмесі;
4. Әлеуметтік мәртебесін дәлелдейтін құжаттар (асыраушысынан айырылғандығы туралы, көпбалалы отбасы туралы, т.б.);
5. Жеке қосалқы шаруашылығы туралы анықтама;

Облыс әкімінің грантына өтініштер, 2022 жылдың 5 тамызынан бастап Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімімен қабылданады.
Туындаған сұрақтармен 2-16-53 телефонына байланысуға болады.
Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі
07 тамыз 2022 ж. 506 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 032

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031