» » Арал ауданының жаңа әкімі тағайындалды

Арал ауданының жаңа әкімі тағайындалды

Kyzylorda-news.kz. Арал ауданының әкімі лауазымына Оңғарбаев Аманжол Сақыпұлы тағайындалды. 
Оңғарбаев Аманжол Сақыпұлы 1968 жылы 7 қарашада Қызылорда облысы, Арал ауданы, Ақбасты ауылында дүниеге келген.
1988-1993 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда педагогикалық институтында оқып, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын тәмамдаған.
1993-1995 жылдары Қызылорда облыстық тіл басқармасында бірінші санаттағы маман;
1995-1996 жылдары Ұлт саясаты жөніндегі Қызылорда облыстық комитетінің жетекші маманы;
1996-2000 жылдары облыстық «Ақмешіт апталығы» газеті бас редактор орынбасары;  
1997-2000 жылдары «Болашақ» университетінде оқып, «Экономист» мамандығын тәмамдаған.
2000-2001 жылдары  «АСУ» ЖШС директоры;
2001-2010 жылдары «Халық» газеті ЖШС және «ASU» баспа үйі» ЖШС директоры, бас редакторы.
2002-2004 жылдары Қызылорда Гуманитарлық Заң университетінде оқып, «Заңгер» мамандығы бойынша білім алған.
2010 жылдан бастап «Сыр медиа» ЖШС бас директоры қызметін атқарды.
ҚР Журналистер Одағының мүшесі және облыстық филиалының төрағасы.
Қызылорда облыстық мәслихатының V, VII шақырылымдарының депутаты.
22 қаңтар 2024 ж. 4 640 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№46 (10414)

24 маусым 2025 ж.

№45 (10413)

20 маусым 2025 ж.

№44 (10412)

17 маусым 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 971
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30