» » ШЫРАЙЛЫ «ШАҢЫРАҚ КҮНІ»

ШЫРАЙЛЫ «ШАҢЫРАҚ КҮНІ»

Аудандық ауруханада Наурызнаманың онкүндігі аясында «Шаңырақ күніне» арналған тағылымды іс-шара өтті. Мамандығы мен өмірлік серігін медицинада тапқан отбасылық жұптар салт-дәстүрді ұлықтап, олар тек кәсіби біліктіліктерін ғана емес, ұлттық құндылыққа деген адалдықтарын да паш етті.
Медицина қызметкерлері арасында ұйымдастырылған «Шаңырақ және дәстүр» атты интеллектуалды сайыс – бірлік пен білімнің, өнер мен өнегенің тоғысқан алаңына айналды. Сайысқа қатысқан 5 жұп үш кезең бойынша өзара бақ сынасып, көрерменді тәнті етті.
Шараның шымылдығын ашқан аурухананың бас дәрігері Бақытжан Нысанбаев құттықтау сөз сөйлеп, бұл шараның ұжымдық ауызбіршілікті нығайтудағы рөлін атап өтті.
– Шаңырақ күні – бұл біздің ортақ үйіміздің, берекелі шаңырағымыздың символы. Мұндай сайыстар медицина саласындағы күнделікті қарбалас жұмыс пен рухани демалысты ұштастырып, ұлттық кодымызды жаңғыртуға мүмкіндік береді, – деді бас дәрігер.
«Таныстыру» кезеңінде әр жұп өз отбасының құндылықтары мен үйлесімін шебер жеткізді. Ал «Сұрақ-жауап» кезеңінде қатысушылардың салтдәстүр мен тарихқа, логикаға деген білімі мен тапқырлығы сараланды. «Өз өнерімен» сынға түсетін үшінші кезеңде ұлттық өнер арқылы дәстүрдің маңызы ұлықталды.
Тартысты бәсекеде қатысушылар жоғары белсенділік танытты. Сайыс қорытындысы бойынша I орынды Әлиевтер отбасы жеңіп алды. Ал жүлделі II орынға Кәріқұловтар отбасы жайғасты. III орын Боранбаевтар отбасына бұйырды. Сондайақ, сайысқа белсене қатысқан Абытовтар және Жакуповтар отбасылары Алғыс хат пен ынталандыру сыйлығына ие болды.
Бұл күн тек жарыс қана емес, бір шаңырақ астындағы ұжымның татулығын, ұлттық дәстүрге деген шексіз құрметін көрсететін жарқын мереке ретінде есте қалды. Ұлттық мереке Наурыз мейрамының рухы ауданның медицина қызметкерлерінің ортасында осылайша жаңғырды.
Әмина КЕТЕБАЕВА
24 наурыз 2026 ж. 77 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

№20 (10487)

17 наурыз 2026 ж.

№19 (10486)

14 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 694
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 445

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031