» » ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ОТБАСЫЛЫҚ САЙЫС ӨТТІ

ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ОТБАСЫЛЫҚ САЙЫС ӨТТІ

Бүгін "AMANAT" партиясы Байқоңыр филиалының "Бәйтерек" бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен "Бақытты отбасы" партиялық жобасы аясында "Сазды шаңырақ" атты отбасылық сайыс өтті.

Байқаудың басты мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-ана мен бала арасындағы өзара сыйластықты арттыру, ұлттық дәстүрді жаңғыртып, жас ұрпақтың бойына мейірім мен парасат дәнін себу болды.

Сайыс 3 кезеңнен тұрды:

1-кезең: "Таныстыру" – отбасы мүшелерінің шығармашылық бейнесін ашып көрсету.

2-кезең: "Білгіштер сайысы" – ой-өрісті дамытуға бағытталған сұрақ-жауап кезеңі.

3-кезең: "Отбасылық өнер" – өнер арқылы талант пен шығармашылықты паш ету.

Қатысушылардың барлығы ерекше дайындықпен келіп, көрерменге көңілді сәттер сыйлады.

Бұл тағылымды сайыс – отбасы құндылықтарын дәріптеп қана қоймай, жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік, сыйластық және бірлік сияқты ізгі қасиеттерді сіңірген, көпшілікке өнеге болған рухани шара ретінде есте қалды.


16 қаңтар 2026 ж. 367 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 074

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930