» » "Бақытты отбасы" партиялық жобасы аясында "Отбасы - бақыт мекені" тақырыбында шара өтті

"Бақытты отбасы" партиялық жобасы аясында "Отбасы - бақыт мекені" тақырыбында шара өтті

Бүгін "Бақытты отбасы" партиялық жобасы аясында Отбасы күніне орай "Отбасы - бақыт мекені" тақырыбында "Ақай" бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен шара өткізілді.
Мақсаты: Балалардың отбасы туралы түсініктерін кеңейту. Ата-аналар мен балалар арасындағы тығыз байланысты нығайту. Отбасылық құндылықтарды насихаттау.
Шараға "AMANAT" партиясы Байқоңыр филиалының төрағасы, фракция мүшесі Еркін Рзалиев, "Ақай" БПҰ жетекшісі Гүлмира Орынбаева қатысты.
"Отбасы – әрбір адамның ең алғашқы мектебі, мейірім мен сүйіспеншіліктің, тәрбие мен адамгершіліктің бастауы. Осы шағын ғана әлемде бала өзін қауіпсіз, сүйікті әрі бағалы сезінеді", - деді Е.Рзалиев.
Шараны қорытындылай келе, бүгінгі күн – отбасы құндылықтарын дәріптейтін, ата-ана мен бала арасындағы махаббатты тереңдететін ерекше күн болды. Шаңырақтарыңыз шаттыққа толы болсын. Әр күніңіз отбасы жылуымен нұрлансын деді Г.Орынбаева.
16 мамыр 2025 ж. 443 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 203
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 390

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30