» » ШАҢЫРАҚҚА ШАТТЫҚ СЫЙЛАҒАН КҮН

ШАҢЫРАҚҚА ШАТТЫҚ СЫЙЛАҒАН КҮН


Қазақ үшін шаңырақ – ұрпақ жалғастығының, жаңару мен берекенің көрінісі. Әрбір дүниеге келген сәби – сол шаңырақтың шырағын жағып, елдің ертеңіне айналар асыл мұра.

Осы орайда Шаңырақ күніне байланысты аудан әкімі Жандос Еркінбек, аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов, аудандық аурухананың бас дәрігері Бақытжан Нысанбаев және әйелдер кеңесінің төрайымы Күлжауһар Раева аудандық аурухананың перзентхана бөліміне арнайы барып, мерекелі күні өмірге келген сәбилердің аналарын құттықтады.

Игі шара барысында аудан басшысы жас аналарға ізгі тілегін білдіріп, дүниеге келген нәрестелердің әрқайсысы елдің болашағы екенін атап өтті. Сондай-ақ аналарға зор денсаулық, отбасыларына амандық пен береке тілеп, арнайы сый-сияпаттар табыс етті.

Бұл ізгі бастама – Наурызнама онкүндігі аясында отбасы құндылықтарын дәріптеп, ана мен балаға деген құрметті арттыруға бағытталған маңызды қадам.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

18 наурыз 2026 ж. 259 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 074

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930