» » АУДАН БАСШЫСЫ РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ӨМІРГЕ КЕЛГЕН СӘБИЛЕР МЕН АНАЛАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

АУДАН БАСШЫСЫ РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ӨМІРГЕ КЕЛГЕН СӘБИЛЕР МЕН АНАЛАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ


«Республика күні» мерекесі қарсаңында аудан әкімі Жандос Еркінбек аудандық ауруханаға арнайы барып, мерекелі күнмен қатар дүниеге келген сәбилер мен олардың аналарын құттықтады.

Аудан басшысы аналарды мерейлі мерекемен және қуанышты сәтпен құттықтай отырып, әрбір отбасыға амандық, сәбилерге ұзақ ғұмыр мен мықты денсаулық тіледі.

— Бүгінгі мереке – еліміздің тәуелсіздігін, бірлігін айшықтайтын ерекше күн. Дәл осы күні дүниеге келген сәбилер – біздің елдің болашағы, мемлекеттің жалғасы. Сондықтан олардың өмірге келуі біз үшін үлкен қуаныш, — деді аудан әкімі өз сөзінде.

Сондай-ақ аурухана ұжымына алғысын білдіріп, халық денсаулығын қорғау жолындағы еңбектеріне табыс тіледі.

Мерекелі кездесуде аналар мен медицина қызметкерлері аудан басшысына жылы лебіздерін білдіріп, халыққа көрсетілген ықыласқа өз ризашылықтарын жеткізді.

Осындай игі іс-шаралар қоғамдағы аналар мен балалардың мәртебесін арттырып, аудан тұрғындарының бірлігін нығайтуға ықпал етеді.

24 қазан 2025 ж. 274 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (10504)

16 мамыр 2026 ж.

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 125
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 711

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031