» » «ШАҢЫРАҚ КҮНІНДЕ» ОТАУ ҚҰРДЫ

«ШАҢЫРАҚ КҮНІНДЕ» ОТАУ ҚҰРДЫ

Қазақ мәдениетінде шаңырақтың қадірқасиеті айрықша. Ол – әрі аспан күмбезі, әрі үй-жай, әрі тірек, әрі бақуаттылық пен қауіпсіздік және ұрпақтар сабақтастығы. Ол – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан материалдық және рухани мұра, сонымен қатар отбасының тұрақтылығы мен ұрпақтың үздіксіз жалғасуының символы.
Шаңырақ – отбасы белгісі, сондықтан да қазақ халқы жас жұбайлардың отау құрып, шаңырақ көтеруіне ерекше мән берген. Ата-бабаларымызда «Шаңырақ көтеру» атты ерекше дәстүр-салт болған.
Жалпы Наурыз мерекесінің жаңа тұжырымдамасы аясындағы «Шаңырақ» күні жалпыұлттық отбасылық құндылықтар мен кіршіксіз махаббат күніне айналады деуге негіз бар. Осы орайда ауданымызда «Шаңырақ күні» кең көлемде аталып өтті. Іс-шара неке қию рәсімімен басталып, жас отбасылардың қуанышты сәтіне куә болдық. Оларға ақжарма тілектер айтылып, аудан әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлы аудан әкімінің атынан құттықтау сөз сөйлеп, шаңырақ шаттығына толсын деген ізгі ниетін білдірді. Сондай-ақ жаңа өмірге қадам басқан жұбайларға естелік сыйлықтар табыс етілді.
Мерекелік шара Наурыз батамен жалғасып, ақсақалдар жаңа отау иелеріне ақ тілектерін арнады. Аудан өнерпаздары әсем әндерін орындап, жиынға ерекше әсерлі көңіл-күй сыйлады.
Шараның келесі бөлімі тағылымды кездесуге ұласты. Кездесуді аудан әкімінің орынбасары жүргізіп, Жосалы кентінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Ерболат Ұзақбаев, аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы Мағауия Әлиев, ақсақалдар кеңесінің төрағасы Шегебай Құндақбаев отбасы құндылығы, оның қоғамдағы орны туралы маңызды ойларын ортаға салды. Олар жастарға берекелі шаңырақ көтеру, өзара сыйластық пен татулықты сақтау, адалдық пен жауапкершілік жайында ақылкеңестерімен бөлісті.
Отбасылық құндылықтарды дәріптеу мақсатында өткен кездесу барысында алтын шаңырақ иелері – отасқандарына 50 жыл бірге ғұмыр кешкен жандарды арнайы құттықтап, оларға аудан әкімінің атынан сыйсияпат табыс етілді.
Ақнұр ЕРДҮЙСЕНҚЫЗЫ
19 наурыз 2025 ж. 294 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 415
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 217

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930