» » СӘН МЕН САЛТ САБАҚТАСТЫҒЫ

СӘН МЕН САЛТ САБАҚТАСТЫҒЫ

Наурызнама онкүндігі аясында ұлттық киім күніне орай аудан орталығында «Ұлттық киім – ұлт мәдениеті» атты ауқымды киімдер шеруі ұйымдастырылып, ұлттық рух пен мәдени мұраны ұлықтаған тағылымды мерекелік іс-шара жоғары деңгейде өтті. Бұл шара ата-бабадан мирас болып қалған асыл құндылықтарымызды дәріптеп, кейінгі ұрпаққа насихаттауға бағытталған маңызды бастама болды.
Мерекелік кештің негізгі бөлігінде өткен салтанатты шерудің көркі ерекше болды. Көш басында желбіреген көк туымыз елдік пен бірліктің символы ретінде айбар беріп тұрды. Шеру барысында түркі дүниесінің ұлы ойшылы, күй атасы саналатын Қорқыт ата бейнесі сахналанып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Бұл көрініс ұлттық руханиятымыздың терең тамыры мен тарихи сабақтастығын айшықтай түсті.
Шеру кезінде қатысушылар қазақтың ұлттық киімдерінің сан алуан үлгілерін паш етті. Әжелердің кимешегі мен зерлі қамзол киген арулар мен шапан жамылған азаматтар іс-шараға сән берді. Әрбір киімнің өзіндік мән-мағынасы, тәрбиелік астары бар екені көрініс барысында кеңінен таныстырылды. Сонымен қатар заманауи үлгіде тігілген ұлттық стильдегі киімдер де ұсынылып, дәстүр мен жаңашылдықтың үйлесімді үндестігі көрсетілді.
Тағылымды шараның екінші бөлімінде аудан өнерпаздары өнерлерін ортаға салды. Әуелеген әсем әндер шырқалып, күмбірлеген күй төгілді. Жыршытермешілер ұлттық мұрамызды дәріптейтін термелерін орындап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Айтыс өнері де өз деңгейінде ұйымдастырылып, сөз сайысына түскен ақындар тапқырлығымен, суырыпсалмалық шеберлігімен ерекшеленді. Жас ақындардың жалынды жырлары қазақ өнерінің өміршеңдігін, рухани мұрамыздың мәңгілік екенін тағы бір дәлелдеді.
Шара барысында көрермендер халқымыздың бай тұрмыс-тіршілігінен сыр шертетін көріністерді тамашалап, ұлттық болмыстың тереңіне бойлады. Бұл – өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие берудің, ұлттық санасезімді қалыптастырудың жарқын үлгісі болды.
Ұлттық құндылықтарды дәріптеп, салт-дәстүрді кеңінен насихаттауға бағытталған бұл игі шарада қатысушылар бір-бірін Наурыз мерекесімен құттықтап, ақжарма тілектерін арнады. Ұлыстың ұлы күні қарсаңында өткен бұл мереке ел бірлігін нығайтып, ұлттық рухты асқақтатуға өз үлесін қосты.
Осындай мазмұнды да мағыналы іс-шаралар халқымыздың мәдени мұрасын сақтап, оны заман талабына сай жаңғыртуға, сондай-ақ жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарға деген құрмет пен сүйіспеншілікті сіңіруге зор ықпал ететіні сөзсіз.
Ақнұр ЕРДҮЙСЕНҚЫЗЫ
23 наурыз 2026 ж. 85 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

№20 (10487)

17 наурыз 2026 ж.

№19 (10486)

14 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 689
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 443

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031