» » Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Аумақтық коалицияның ақпараттық-түсіндіру жұмыстары Қармақшы аудандық орталық ауруханасына қарасты «Шипагер» емханасында жалғасты. Кездесуге аумақтық коалиция мүшелері Бақытжан Нысанбаев, Дәулет Қанатбай, Сәрсенкүл Есқалиева, Айдынбек Скендиров және Ләззат Есханова қатысып, медицина саласының қызметкерлерімен кездесті.

Жиын барысында коалиция мүшелері Конституциялық реформалардың негізгі бағыттары мен мазмұнын түсіндіріп, Ата Заңдағы денсаулық сақтау жүйесіне қатысты бастамалар жөнінде кеңінен әңгімеледі. Кездесу ашық диалог форматында өтіп, медицина саласының қызметкерлері өз пікірлері мен ұсыныстарын білдіруге мүмкіндік алды.

Кездесу барысында сөз алған Бақытжан Нысанбаев конституциялық реформалардың ел дамуы үшін маңыздылығына тоқталып, денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру бағытындағы бастамаларға ерекше назар аударды.

– Конституциялық өзгерістер қоғам өмірінің барлық саласын қамтитын маңызды қадам. Денсаулық сақтау жүйесін дамыту, медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, сондай-ақ медицина қызметкерлерінің құқықтары мен әлеуметтік қорғалуын күшейту – мемлекет назарындағы басым бағыттардың бірі, – деді ол.

Кездесу барысында ауылдық елді мекендердегі медициналық қызмет сапасын арттыру, кадр тапшылығын азайту және жас мамандарды тарту мәселелері де талқыланды. Қатысушылар өзара пікір алмасып, саладағы өзекті мәселелер жөнінде ұсыныстарын жеткізді.
13 наурыз 2026 ж. 184 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 074

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930