КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРНЫҚТЫ ДАМУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕДІ
Қармақшыда аумақтық коалиция өкілдері білім саласы өкілдерімен кездесті. Тәйімбет Көмекбаев ауылындағы №185 орта мектепте өткен кездесуде коалиция мүшелері Бақытжан Нысанбаев, Күлжауһар Раева, Айдынбек Скендиров қатысып, Конституциялық реформалардың басым бағыттарын жеткізді.
Бақытжан Нысанбаев өз сөзінде ұсынылып отырған өзгерістер мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті күшейтуге және заң үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті. Сонымен қатар, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін нақтылау басты назарда екенін айтты.
Күлжауһар Раева әлеуметтік саланың маңыздылығына айрықша назар аударды. Оның айтуынша, мемлекеттік бюджеттің шамамен 40 пайызы әлеуметтік бағыттарға бөлінеді, бұл білім беру мен денсаулық сақтау салаларындағы міндеттемелердің орындалуына негіз болады. Ұсынылып отырған өзгерістер білім беру жүйесін заман талабына сәйкестендіруге, педагогтердің құқықтық мәртебесін нығайтуға және саладағы мемлекеттік кепілдіктерді нақтылауға бағытталған.
Коалиция мүшесі Айдынбек Скендиров жаңа Конституция қоғам сұранысына толық жауап береді және Тәуелсіз Қазақстанның орнықты дамуын қамтамасыз ететіндігін атап өтті.
Жиын барысында білім беру ұйымдарының қызметін жетілдіру мен сапалы білімге қолжетімділікті арттыру мәселелері де реформаның маңызды бөлігі екені айтылып, сала өкілдерінің пікірлері тыңдалды.
















