» » БОТАГӨЗ САУДА ҮЙІНДЕ ЭКСПРОМТ-КЕЗДЕСУ ӨТТІ

БОТАГӨЗ САУДА ҮЙІНДЕ ЭКСПРОМТ-КЕЗДЕСУ ӨТТІ


Қармақшы ауданы, Жосалы кентіндегі "Ботагөз" сауда үйінде «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық аудандық коалиция мүшелерінің қатысуымен кездесу өтті.

Кездесуге аумақтық коалиция мүшелері Ғалымжан Ақжігітов, Мырзаш Бекбаев, Марат Асылов және ерікті жас Ақерке Шаймерденова қатысып, сөз сөйледі.

Кездесу барысында Жаңа Конституция жобасындағы адам құқықтары мен бостандықтарының басымдығы, заң үстемдігі, әлеуметтік әділеттілік, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту секілді негізгі қағидаттар кеңінен түсіндірілді.

Сонымен қатар жобада әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыру, олардың еңбек етуіне, кәсіпкерлікпен айналысуына және қоғамдық-саяси өмірге белсенді қатысуына тең мүмкіндік беру мәселелері атап өтілді.

Аудандық коалиция мүшесі Марат Асылов қорытындылап, Жаңа Конституция жобасы — әділетті қоғам қалыптастырудың берік негізі екенін және түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.

11 наурыз 2026 ж. 229 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 074

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930