» » ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМНЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМНЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ


Аумақтық коалиция өкілдері құрылыс саласының қызметкерлерімен кездесіп, жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарын жан-жақты түсіндірді. Кездесуге Ғалымжан Ақжігітов, Мырзаш Бекбаев, Сәрсенкүл Есқалиева және Марат Асылов қатысып, құжатта ұсынылған маңызды өзгерістер мен олардың қоғам үшін маңызы туралы кеңінен әңгімелесті.

Кездесу барысында сала мамандары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды. Әсіресе жаңа Конституция жобасында азаматтардың құқықтарын қорғау, әлеуметтік кепілдіктерді нығайту және қоғамдағы әділдік қағидаттарын күшейту мәселелері кеңінен талқыланды.

Аумақтық коалиция мүшесі Сәрсенкүл Есқалиева өз сөзінде Конституция – мемлекеттің дамуын айқындайтын, әрбір азаматтың өміріне тікелей ықпал ететін аса маңызды құжат екенін атап өтті. Оның айтуынша, жаңа Конституция жобасы елдегі демократиялық құндылықтарды нығайтып, халықтың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.

– Конституция – тек заңдар жиынтығы емес, ол қоғамның болашағын айқындайтын басты құжат. Жаңа жобада азаматтардың құқықтарын қорғау, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету және мемлекеттік басқарудағы ашықтықты арттыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінген. Сондықтан әрбір азамат бұл өзгерістердің мәнін түсініп, ел тағдырына қатысты маңызды шешім қабылдау процесіне белсенді қатысуы қажет, – деді Сәрсенкүл Есқалиева.

Жиын соңында қатысушылар жаңа Конституция жобасын талқылауға белсенді қатысып, ел болашағына бейжай қарамайтындарын білдірді. Олар қоғам үшін маңызды бұл құжатқа қатысты пікір білдіру – әрбір азаматтың жауапкершілігі екенін атап өтті.

11 наурыз 2026 ж. 177 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№31 (10499)

28 сәуір 2026 ж.

№30 (10498)

25 сәуір 2026 ж.

№29 (10497)

21 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 003
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 620

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930