Құрылтай
» » ХАЛЫҚ ҮНІ – КОНСТИТУЦИЯ ӨЗЕГІ

ХАЛЫҚ ҮНІ – КОНСТИТУЦИЯ ӨЗЕГІ


Аумақтық коалиция өкілдері тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының қызметкерлерімен кездесу өткізіп, жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарын түсіндірді. Кездесуге Ғалымжан Ақжігітов, Мырзаш Бекбаев, Алпысбай Серкешбаев және Айдынбек Скендиров қатысып, құжаттағы маңызды өзгерістер мен олардың қоғам үшін маңызын кеңінен талқылады.

Кездесу барысында сала мамандары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Әсіресе жаңа Конституция жобасында азаматтардың құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін нығайтуға бағытталған нормалар кеңінен сөз болды.

Аумақтық коалиция мүшесі Алпысбай Серкешбаев өз сөзінде Конституция – мемлекеттің ғана емес, әрбір азаматтың өміріне тікелей әсер ететін маңызды құжат екенін атап өтті.

– Жаңа Конституция жобасы – қоғамдағы әділдік пен ашықтықты күшейтуге бағытталған маңызды қадам. Бұл құжатта азаматтардың құқықтары мен еркіндіктері, әлеуметтік кепілдіктері айқын көрініс табады. Сондықтан әрбір тұрғын оның мазмұнын түсініп, өз пікірін білдіруі өте маңызды. Конституция – халықтың үнімен қабылданатын құжат, – деді Алпысбай Серкешбаев.

Жиын соңында қатысушылар жаңа Конституция жобасын талқылауға белсенді қатысып, ел болашағына бейжай қарамайтындарын жеткізді.

10 наурыз 2026 ж. 123 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 664
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 117

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31