» » Белкөл кентінде Конституция жобасы таныстырылды

Белкөл кентінде Конституция жобасы таныстырылды


Қызылорда қаласына қарасты Белкөл кентінде өңірлік коалиция өкілдері тұрғындармен кездесу өткізді. Жиында жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесуге облыстық мәслихат депутаты Жорабек Нұрымбетов, аумақтық коалиция жетекшісі Ибадулла Құттықожаев және коалиция мүшелері Мейрамбек Есжанов, Талғат Мақаш пен Берік Шайнұров қатысты.

Аумақтық коалиция жетекшісі Ибадулла Құттықожаев жаңа Конституция жобасында қоғам пікірін ескеретін институттар – Құрылтай мен Халықтық кеңес енгізілгенін атап өтті. Ол бұл құрылымдардың мемлекет пен қоғам арасындағы диалогты қамтамасыз етуге арналғанын, азаматтардың ұсыныстары мен бастамаларын талқылайтын алаң болатынын айтты.

Кездесу барысында кент тұрғындары инфрақұрылымды жаңғырту, білім мен әлеуметтік қызмет сапасын арттыру мәселелерін көтерді. Тұрғындар сондай-ақ жаңа Конституция жобасында азаматтардың құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерінің нақты бекітілуін қолдайтынын атап өтті.

Коалиция өкілдері Конституция жобасында әлеуметтік құқықтарды қорғау, кәсіпкерлікті қолдау, мемлекеттік басқарудың ашықтығын арттыру және қоғамдық бақылауды күшейту бағытында нормалар қарастырылғанын жеткізді. Кездесу соңында қатысушылар алдағы референдумға қатысты ақпаратпен қамтамасыз етіліп, сұрақтарына жауап алды.
05 наурыз 2026 ж. 186 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 074

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930