» » ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ТҰРАҚТЫ ДАМУ МЕН ҚАУІПСІЗ БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ТҰРАҚТЫ ДАМУ МЕН ҚАУІПСІЗ БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

Шиелі аумақтық коалиция өкілдері «Арман» мәдениет үйінде тәжік-ауған шекарасындағы әскери қимылдарға қатысқан ардагерлермен кездесу өткізді. Жиында жаңа Конституция жобасының мазмұны таныстырылып, қатысушылардың пікірлері тыңдалды.
Іс-шараға аумақтық коалиция жетекшісі Мұрат Тұрабаев және коалиция мүшелері Жібек Баймұратова, Нұргүл Шалекеева, Сәбитхан Досанов, Серікбай Берімбетов, Біржан Өтебай, Ержан Әбдешов қатысты.
Кездесу барысында Конституция жобасында қарастырылған негізгі бағыттар, соның ішінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктері, әлеуметтік саясат, қоғамдық келісім мәселелері және әскери қызметшілер мен ардагерлерге қатысты нормалар талқыланды.
Мұрат Тұрабаев өз сөзінде құжатта көзделген өзгерістердің мазмұны мен мақсатына тоқталып, конституциялық реформалардың құқықтық жүйеге ықпалы туралы айтты.
Ардагерлер әскери қызметшілердің мәртебесі, медициналық оңалту, тұрғын үймен қамту және әлеуметтік қолдау шаралары жөнінде ұсыныстарын білдірді.
Кездесу соңында қатысушылар пікір алмасып, Конституция жобасына қатысты көзқарастарын ортаға салды.
20 ақпан 2026 ж. 101 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

№40 (10508)

30 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 262
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 800

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930