» » АНАҒА ҚҰРМЕТ – ҚОҒАМҒА ҚҰРМЕТ

АНАҒА ҚҰРМЕТ – ҚОҒАМҒА ҚҰРМЕТ


«Руханият» орталығының мәжіліс залында аудан әкімі Жандос Еркінбектің қатысуымен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ауданымыздың дамуы мен өркендеуіне үлесін қосып, әр салада қызмет атқарып жүрген нәзік жанды азаматшаларға арналған тағылымды кездесу өтті.

Кездесу барысында аудан басшысы:

-Сіздер әр түрлі салаларда ерекше қабілетімен танылып, жемісті еңбек етіп келесіздер. Өздеріңіз ауданымыздың тыныс-тіршілігінің басы-қасында жүріп, бірлік пен тұрақтылықтың сақталуына, киелі мекеніміздің дамуына үлес қосудасыздар. Тәуелсіз еліміздің ұл-қыздарын тәрбиелеп, азаматтарға сенімді тірек болып, қоғам ісіне атсалысып жүргендеріңіз үшін алғысымыз шексіз!

Біздің ауданымыз – берекесі орнаған, тату-тәтті өмір сүріп отырған қасиетті мекен. Елдігіміздің ең басты құндылығы да – татулық пен тұрақтылық. Сондықтан бірлігі жарасқан, ынтымақты ел болып отыруымыз сіздердің даналықтарыңыз бен қажырлы еңбектеріңіздің нәтижесі, - деп ел дамуына қосып жүрген үлестеріне тоқталды.

Шара барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген бірқатар нәзік жандыларға аудан әкімінің «Алғыс хаты» табысталып, марапат иелеріне құрмет көрсетілді.

Жиында құттықтау сөз сөйлегендер қатарында аудандық соттың бас маманы Рахия Бисенова мен Сүлеймен Есқараев атындағы №27 орта мектептің директоры Құндызай Аймаханова аналардың қоғамдағы рөлі мен тәрбиелік маңызы туралы айтып, мерекелік тілектерін жеткізді.

Мерекелік кездесуде өнерпаздар халық әндерін орындап, жиынға жиналған қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

07 наурыз 2026 ж. 145 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 754
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 117

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 479

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930