» » ҚУАҢДАРИЯ ЖӘНЕ АЛДАШБАЙ АХУН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА АЛҒЫС БІЛДІРІЛДІ

ҚУАҢДАРИЯ ЖӘНЕ АЛДАШБАЙ АХУН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА АЛҒЫС БІЛДІРІЛДІ

Қармақшы ауданы әкімі Жандос Еркінбек Қуаңдария және Алдашбай ахун ауылдық округтеріне арнайы барып, жақында орын алған табиғи қолайсыздықтар кезінде ауызбіршілік танытқан тұрғындармен кездесті.

– «Аймағымызда қыс маусымына дайындықты алдын-ала күшейтіліп, электр желілер мен бағаналар жаңғыртылып, материалдық-техникалық база нығайтылған болатын. Соның арқасында қыстың аязды күндерінде тұрғындарымыз жарықсыз, сусыз қалған жоқ. Дегенмен қыстың соңындағы табиғаттың тосын мінезі өңіріміз үшін үлкен сынақ болды. Ауа-райының күрт өзгеруі салдарынан кей елді мекендерде уақытша электр қуаты ажыратылды. Біздің өңірімізде мұндай табиғи құбылыс бұрын-соңды болмаған. Осындай күрделі сәтте ең бастысы – елдің сабырлығы мен бірлігі. Орын алған жағдайға сәйкес жедел штаб құрылып, мамандар тәулік бойы жұмыс істеді. Қысқа мерзім ішінде электр желілері толық қалпына келтірілуде. Бұл – ортақ еңбектің нәтижесі», – деп атап өтті аудан басшысы.

Кездесу барысында аудан әкімі қалыптасқан жағдайға түсіністікпен қарап, қолдау білдірген ауыл тұрғындарына алғыс айтып, бұл жұмысқа белсенді атсалысқан азаматтарға арнайы Алғыс хаттар табыстады.

Кездесу соңында Жандос Еркінбек қандай жағдай болмасын ел бірлігі мен ауызбіршілігінің арқасында барлық қиындықты еңсеруге болатынын атап өтті.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

05 наурыз 2026 ж. 130 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 079
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 288

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031