Топ-баннер
» » “Ең бастысы - өзіңе сену“. Михаил Шайдоровпен ашық сұхбат

“Ең бастысы - өзіңе сену“. Михаил Шайдоровпен ашық сұхбат

Михаил Шайдоров. Фото: ҰОК

Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Tengrinews.kz-ке эксклюзив сұхбат берді. Ол Денис Теннің мәнерлеп сырғанауды дамытуға қосқан үлесі туралы айтып, өзінің жеңісі мен халықаралық қауымдастықтың реакциясына қатысты пікір білдірді.


Ол тарихи жеңістен кейін есімі Қазақстаннан тыс жерлерде де танымал бола бастағанын айтты.
"Бәрі Денис Тенді біледі. Енді мені де қазіргі қазақстандық мәнерлеп сырғанаудың көшбасшысы ретінде таниды".
Оның айтуынша, Қазақстанның нәтижесі әлемдік мәнерлеп сырғанау қауымдастығының назарын аударған. Бұл спорт түрінде дәстүрлі түрде басқа елдер көш бастап келеді.
"Әлемдік қауымдастық үшін бұл спортта көшбасшы саналмайтын ел мәнерлеп сырғанаудан ғасырлар бойы тарихы жазылып келе жатқан мықты құрамаларды басып озғаны - үлкен оқиға".
Шайдоров жарыстан кейін бірқатар спортшылар мен жаттықтырушылар келіп, қолдау білдіргенін айтты.
"Көптеген мәнерлеп сырғанаушы мен жаттықтырушылар келіп, менің тарихым ерекше құрмет тудыратынын айтты".
Сондай-ақ, ол Денис Теннің рөліне арнайы тоқталды.
"Әрине, бұл жолды ашқан - Денис Тен. Ол үшін оған үлкен алғыс. Ал менің нәтижем отандық мәнерлеп сырғанауды жаңа деңгейге көтерді".
Спортшының сөзінше, мұндай жетістіктер жас спортшылар үшін де маңызды бағдар бола алады.
"Қалай болғанда да, мен де, Денис те тек Олимпиада медалін алған жоқпыз. Біз өз үлгімізбен жас спортшыларға бәрі мүмкін екенін көрсеттік. Ешқандай шекара жоқ. Ең бастысы - өзіңе сену".
23 ақпан 2026 ж. 47 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№15 (10482)

24 ақпан 2026 ж.

№14 (10481)

21 ақпан 2026 ж.

№13 (10480)

17 ақпан 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 487
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 316

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728