ОЛИМПИАДА ШЫҢЫНА ШЫҚҚАН ШАЙДОРОВ
Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олим пиада ойындарында қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров ерлер арасындағы жеке сайыста алтын медаль жеңіп алып, ел спорты тарихында жаңа белеске көтерілді. Ол еркін бағдарламасын Қазақстанның Халық артисі Димаш Құдайберген орындаған «Confessa» композициясының сүйемелдеуімен әсерлі түрде орындап, төрешілер мен жанкүйерлердің жоғары бағасына ие болды.
2004 жылы Алматыда дүниеге келген спортшы мәнерлеп сырғанаумен жеті жасынан бастап айналысқан. Алғашқы бапкері – әкесі, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Станислав Шайдоров. 2018 жылы Сочиге қоныс аударып, олимпиада чемпионы Алексей Урмановпен жұмыс істеуі оның техникалық шеберлігін жаңа деңгейге көтерді.
Жасөспірімдер арасында-ақ халықаралық аренада көзге түскен Михаил 2022 жылы әлем чемпионатында күміс медаль иеленіп, Қазақстан тарихында осы жарыста тұғырға көтерілген алғашқы спортшы. Бұған дейінгі үздік нәтижелер Денис Тен мен Элизабет Тұрсынбаева еншісіндегі төртінші орын болатын.
Ересектер сапында да Шайдоров тұрақты нәтижелерімен ерекшеленді. Ол арадағы үзіліске қарамастан, Гран-при се рияларында жоғары деңгей көрсетіп, күрделі техникалық элементтерімен танылды. 2024-2025 жылғы маусымда әлем чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алып, халықаралық рей тингте үздік үштікке енді.
Биылғы олимпиада алтыны – спортшы мансабының шарықтау шыңы. Бұл жеңіс Қазақстан үшін тарихи маңызға ие болып, Михаил Шайдоровты ел спортының жаңа буынының символына айналдырды. Табандылық пен таланттың жарқын үлгісіне айналған чемпион бүгінде мыңдаған жас спортшыға ша быт бермек.
Ерсін ӘБЛӘКИЕВ
















