Құрылтай
» » Михаил Шайдоров – Олимпиада чемпионы!

Михаил Шайдоров – Олимпиада чемпионы!

Фото: Туризм және спорт министрлігі
Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Италияда өткен Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz
11 ақпан күні ерлер арасында өткен жекелей сырғанауда қысқа бағдарламадан кейін қазақстандық спортшы бесінші орында тұрған еді. Жүлдеге қол жеткізу үшін оған қарсыластарынан 9,6 ұпай айырмасын қысқарту қажет болды. Михаил Шайдоров жалпы 291,58 ұпай жинап, жеке рекордын жаңартты.
Екінші орында келе жатқан жапониялық Яма Кагияма еркін бағдарламада бірнеше қателік жіберіп, қысқа бағдарламадан кейінгі 11 ұпайлық басымдығынан айырылды.
Әлем чемпионы, АҚШ өкілі Илья Малинин еркін бағдарламада бірнеше рет құлап, қос бағдарлама қорытындысы бойынша Шайдоровтың оны басып озуына мүмкіндік берді.
Михаил Шайдоровтың мәнерлеп сырғанаудан алған алтыны 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан үшін алғашқы медаль болды.
Бұған дейін Қазақстан атынан мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада жүлдесін тек бір спортшы – Денис Тен иеленген еді. Ол Сочиде өткен Олимпиадада қола медаль алған болатын.
Айта кетейік, Милан-Кортина Олимпиадасында ел намысын 10 дисциплинада 36 спортшы (18 ер, 18 әйел) қорғайды. Жалпы додаға 93 мемлекеттен 3000-ға жуық атлет қатысады. Олар 16 бағдарламада 116 медаль жиынтығын сарапқа салады. Олимпиада 22 ақпанда мәресіне жетеді.

14 ақпан 2026 ж. 179 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 653
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 111

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31