» » АРДАГЕРЛЕР ЕРЛІГІ – ЕЛ ЕСІНДЕ

АРДАГЕРЛЕР ЕРЛІГІ – ЕЛ ЕСІНДЕ


Тарих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алған ауыр оқиғалардың бірі – Ауған соғысы. Биыл Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 37 жыл толып отыр. Осы күнге орай Қармақшы аудандық тарихи-өлкетану музейінде «Ардагерлер ерлігі – ел есінде» атты ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші өткізілді.

Кешке Қармақшы аудандық «Ауған соғысы ардагерлер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы және ауған соғысының ардагерлері қатысты. Кеш барысында ардагерлер өз естеліктерімен бөлісіп, жас ұрпаққа батылдық пен отансүйгіштіктің маңызын түсіндірді. Ардагерлер бастан кешкен қиындықтары мен ерлікке толы сәттерін айтып, бейбіт өмірдің бағасын тағы бір мәрте сезіндірді.

Оқушылар Ауған соғысы жайында жазылған өлең – жырларды жеткізіп, ардагерлермен сұхбаттасты. Сонымен қатар «Ауған соғысы ардагерлер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ерманов Асқар ағамыз соғысқа қатысушы Айқұдықов Қуаныштың соғыс алаңында киген киімін, сурет-құжаттарын музей қорына сыйға тартты.

Бұл кездесу кеші – ел тарихына тағзым, ерлікке құрмет көрсетудің айқын көрінісі болды. Бейбіт күннің қадірін ұғындыратын осындай тағылымды кездесулер ұрпақтар сабақтастығын нығайта түседі.

16 ақпан 2026 ж. 116 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 074

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930