» » АҚЫНҒА АРНАЛҒАН КЕШ

АҚЫНҒА АРНАЛҒАН КЕШ

ЖАНҚОЖА БАТЫР АТЫНДАҒЫ №269 ОРТА МЕКТЕПТЕ КІТАПХАНАШЫЛАРДЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН ҚАЗАҚТЫҢ БІРТУАР АҚЫНЫ МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВТЫҢ ТУҒАНЫНА 95 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ «МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ – ПОЭЗИЯ ТҰЛПАРЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ӘДЕБИСАЗДЫ КЕШ ӨТКІЗІЛДІ.
Тағылымы терең, мазмұны бай бұл кештің басты мақсаты – оқушыларға ақынның өмір жолы мен шығармашылығын кеңінен танытып, поэзияға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Кеш барысында ақиық ақынның өмірбаяны, балалық шағы, білім алған жылдары мен еңбек жолы таныстырылды. Қарасазда дүниеге келген ақынның тағдырлы өмірі, соғыс жылдарындағы қиын балалық шағы, әжесінің тәрбиесінде өсуі – оқушыларға әсерлі түрде жеткізілді. Оның «Есіңе мені алғайсың», «Жапырақ жүрек жас қайың», «Дос» сынды жүрекке жетер өлеңдері мәнерлеп оқылып, кештің рухани мазмұнын арттырды.
Әдеби-сазды кештің көркін Мұқағали өлеңдеріне жазылған әндер аша түсті. Сазгер Нұрғиса Тілендиевтің әндері шырқалып, поэзия мен әуеннің үйлесімі көрерменге ерекше әсер сыйлады. Оқушылар ақын өлеңдерінің терең философиялық мағынасы мен лирикалық нәзіктігін сезініп, рухани азық алды.
Кеш соңында М.Мақатаевтың шығармалары ұрпақтан-ұрпаққа жалғасар асыл мұра екені, оның өлеңдері адамды адамгершілікке, отансүйгіштікке, шынайы сезімге тәрбиелейтіні атап өтілді. Осындай кештер жас ұрпақтың рухани дүниесін байытып, ұлттық әдебиетке деген құрметін арттыратыны сөзсіз.
Аида ДӘРІБАЕВА,
№269 мектеп мұғалімі
12 ақпан 2026 ж. 256 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 074

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930