Мәслихаттар сайлауы
» » «МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ МҰРАСЫ: ПОЭЗИЯ,ӨНЕР ЖӘНЕ ТӘРБИЕ»АЙМАҚТЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

«МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ МҰРАСЫ: ПОЭЗИЯ,ӨНЕР ЖӘНЕ ТӘРБИЕ»АЙМАҚТЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ


«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, ақпан айының «Жасампаздық пен жаңашылдық» құндылығына сәйкес №79 негізгі мектебінде ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай «Мұқағали Мақатаев мұрасы: поэзия, өнер және тәрбие» тақырыбында аймақтық семинар өтті.

Семинардың басты мақсаты – Мұқағали Мақатаевтың бай рухани мұрасын жас ұрпақтың бойына сіңіру, поэзия арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеу, өнер мен тәрбиенің өзара сабақтастығын көрсету болды.

Семинар барысында терең мазмұнды ашық тәрбие сағаты, рухани әсерге толы әдеби көшпелі керуен, жүрекке жеткен әдеби-сазды кеш ұйымдастырылып, қатысушылар ақын әлеміне тағы бір мәрте бойлады.

Кеш қонақтары семинарға шынайы ойы мен жүректен шыққан ізгі пікірлерін білдірді.
Мұқағали жыры – мәңгілік, оның өлеңдері – ұрпақ тәрбиесінің темірқазығы. Осындай тағылымды шаралар жас ұрпақтың рухани дамуына, шығармашылық ойлауына үлкен серпін беретініні сөзсіз.
Ұлы поэзияға тағзым – ұлт рухына тағзым!

11 ақпан 2026 ж. 274 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№85 (10553)

10 қараша 2026 ж.

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 331
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 465

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30