» » ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНЫҢ КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫНДА СЕРПІН БАР

ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНЫҢ КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫНДА СЕРПІН БАР


Жаңақорған аудандағы барлық 35 елді мекен орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған. Аудан елді мекендеріне берілетін ауыз су көлемін ұлғайту мақсатында республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, Тақыркөл бас су қоймасынан екінші желі тартылып, іске қосылды. Сонымен қатар, Жаңақорған кентінің мөлтек аудандарында жаңадан салынған 1500-ге жуық тұрғын үйді ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында қосымша су тарату станциясы мен желілерін салуға жоба әзірленген. 2025 жылы арнайы мемлекеттік қордан қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары басталды. Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында пайдалануға беру жоспарланып отыр. Сондай-ақ басқа да коммуналдық салаларда жүйелілік бар.
Бұл туралы Жаңақорған ауданының әкімі Мәжит Самитов айтты.

- Аудандағы 8 елді мекен табиғи газға қосылған. Газдандыру көрсеткіші халық санына шаққанда 52 пайыз, елді мекендер бойынша 22,8 пайызды құрайды. 2025 жылы аудандағы 6 елді мекенді газдандыру, сондай-ақ, ірі өндіріс орындарын қажетті газбен қамтамасыз ету мақсатында жаңадан қуаттылығы 20 мың текше/сағат болатын Жаңақорған автоматты газ тарату станциясы салынды. Өткен жылы газ тарату станциясы іске қосылды. 2025 жылы 2 аудандық маңызы бар автомобиль жолына және елді мекендердің 62 шақырымды құрайтын 40 көшесіне күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жасалды. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде аудандық маңыздағы автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 98,4 пайызға, елді мекен көшелеріндегі үлесі 66,5 пайызға жеткізілді. Жаңақорған кентінде Жеңіс паркі қайта жаңғыртылып, 4 балалар ойын алаңқайы және Ы.Алтынсарин көшесінде жаңа аллея салынды. Сонымен қатар, Ақжол ауылында аллея, ал Қосүйеңкі, Қожамберді, Манап ауылдарында саябақтар мен балалар ойын алаңқайлары пайдалануға берілді,-деді Мәжит Самитұлы.
05 ақпан 2026 ж. 128 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 074

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930