» » 198 Ауылдық елді мекен таза ауыз сумен қамтылған

198 Ауылдық елді мекен таза ауыз сумен қамтылған


Жыл басынан бері 4 елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз етілді. Газдандырылған ауылдық елді мекеннің саны 26-ға артып, газдандыру деңгейі 11,3 пайызды құрады. Жыл соңына дейін облыстың газдандыру деңгейін 75 пайызға жеткізу жоспарлануда. Толығырақ Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында облыстық энергитика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Болатбек Ысмағұлов айтты.

-Биыл 26 газбен жабдықтау жобаларын жүзеге асыруға 9,3 миллиард теңге бөлінді. Бұл қаржыға былтыр 7 жоба басталған болатын. Сол жобалар жалғасын табады және 19 жаңа жобаның құрылысы басталады. Ал, ауыз су мәселесі бойынша сөзімізді сабақтасақ. Облыс бойынша барлық 230 ауылдық елді мекеннің 198 немесе халық санымен алғанда 98,1 пайызы орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған. Мемлекет басшысының 2021 жылғы жолдауында Үкіметке алдағы бес жыл ішінде халықтың 100 пайызын таза ауыз сумен қамтамасыз ету тапсырмасы бойынша өңірімізде кешенді жоспар әзірленіп, тиісті жұмыстар атқарылуда. Сонымен-қатар, облыста10 мың шақырымнан астам электр желілері мен кернеуліктері әртүрлі 1867 қосалқы станция бар. Олардың тозу деңгейі 68% пайызды құрайды. Бұл мәселені шешу мақсатында тиісті министрліктермен жұмыс істеу арқылы «Ауыл-ел бесігі» және басқа да бағдарламалар аясында қаржы бөлінуде, - деді Болатбек Әбдулхайысұлы.

@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

27 қараша 2023 ж. 252 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10344)

05 қазан 2024 ж.

№78 (10343)

01 қазан 2024 ж.

№77 (10342)

28 қыркүйек 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 2 181

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031