» » СЫР ӨҢІРІНДЕГІ ҚАЛАЛАР АУЫЗ СУМЕН 100 ПАЙЫЗ ҚАМТЫЛҒАН

СЫР ӨҢІРІНДЕГІ ҚАЛАЛАР АУЫЗ СУМЕН 100 ПАЙЫЗ ҚАМТЫЛҒАН


Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен қалалар мен ауылдарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі талқыланған кеңес өтті. Басқосуда Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Сыр өңіріндегі қалалар түгелдей 100 пайыз ауыз сумен қамтылғанын, ал облыстың ауыз сумен қамту көрсеткіші 98,6 пайызға жеткенін айтты.

Кеңеске облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режим арқылы қатысты.

Облыс аумағында 4 қала және 223 ауылдық елді мекен бар. Өткен жылы орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылмаған 27 елді мекеннің екеуіне су тұщытқыш қондырғы орнатылды. Екі ауылдан елді мекен статусы алынып, оңтайландырылды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, қалған 23 елді мекенге жыл соңына дейін сапалы ауыз су жеткізу үшін арнайы Жол картасы әзірленіп, жоспарға сәйкес жұмыс жүргізілуде.

Биыл «Ерімбетжаға», «Тастүбек», Шәкен, «Шилі», «Сарбұлақ», «Шитүбек» елді мекендеріне таза ауыз су қосу үшін республикалық бюджеттен қаржы бөлінді. Мердігер мекемелер анықталып, құрылыс жұмыстары басталуда.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

13 ақпан 2025 ж. 266 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 097
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 751

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031