» » Энергетика - экономиканың драйвері

Энергетика - экономиканың драйвері


Шаруашылықтың аса маңызды салаларының бірі – энергетикасы. Бұл сала өнеркәсіп пен қоғамның барлық өндіргіш күшінің аумақтық орналасуы мен дамуына әсер етеді. Сол себепті де, энергетика саласын республика шаруашылығының жетекші саласы деуге толық негіз бар. Қазіргі кезде ауылдық елді мекендерді газбен қамтамасыз ету аса маңызды. Өткен жылдың қорытындысымен облыс аумағында 4 қала және 35 ауылдық елді мекен табиғи газға қосылып, тұрғындарды газдандыру үлесі 75 пайызды құрады. Ал биыл 4 ауылдық елді мекен табиғи газбен қамтамасыз етілді. Жыл соңына дейін тағы 7 ауылдық елді мекен газдандырылатын болады деп күтілуде. Салада атқарылған сан түрлі жұмыстарды облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Медет Усаин облыстық бас ақпарат алаңында тізбектеп берді.

- Ауыз сумен қамту бойынша облыста 230 ауылдық елді мекеннің 204-і немесе халық санымен алғанда 98,4 пайызы орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған. Қалған 26 ауылда 7 мыңнан аса адам немесе ауыл халқының 1,6 пайызы қоныстанған. 26 елді мекендегі халықты 100 пайыз ауыз сумен қамту бойынша кезеңдік жоспар бекітіліп, соған сәйкес жұмыстар жүргізілуде. Нәтижесінде, барлық елді мекендер 2025 жылдың соңына дейін сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады,- деді Медет Усаин.

Бүгінде облыс аумағында жалпы ұзындығы 10 490 шақырым электр желілері және әр-түрлі кернеуліктегі 2008 дана қосалқы станциялары бар. Олардың тозу деңгейі 66 пайызды құрайды. Ал жауапты мамандар жыл соңына бұл көрсеткішті төмендетуге жұмыс жасамақ.

- 2024 жылы электр жүйелерінің құрылысы мен жаңғырту жобаларын жүзеге асыруға тиісті қаржы қаралды. Бөлінген қаржы көлеміне 374,5 шақырым электр желісі мен 67 дана қосалқы станцияны қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілетін болады. Нәтижесінде тозу деңгейі 66 пайыздан 64пайызға дейін төмендетіледі деп күтілуде,- деді Медет Усаин.

@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

20 шілде 2024 ж. 303 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 385
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 177

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930