» » ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА

ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА


Қармақшы ауданы ауыл шаруашылығы саласына негізделген аудандардың бірі. Осыған байланысты ауданның макроэкономикалық көрсеткіштерінің басым бөлігі аталған саладағы жетістіктермен тығыз байланысты. Бұл туралы Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында аудан әкімі Жандос Еркінбек мәлімдеді.

-2025 жылы Қармақшы ауданында жалпы көлемі 25 мың 513 гектар жерге егін егілді. Оның ішінде аудан үшін маңызы бар күріш дақылы 12 мың 993 гектар алқапқа орналастырылды. Нәтижесінде әр гектардан орта есеппен 54,7 центнер өнім алынып, жалпы көлемі 71 мың 143 тонна астық жиналып, қамбаға құйылды. Сондай-ақ елді мекен тұрғындарының өздерін бақша өнімдерімен қамтамасыз етуі мақсатында 950 отбасы 415 гектар жерге бақша және көкөніс дақылдарын егіп, өнімдерін толық жинап алды,- деді Жандос Еркінбек.

Айта кету керек, егінді қажетті сумен қамтамасыз ету және жайылымдық жерлерді суландыру мақсатында 2025 жылы республикалық бюджеттен 27,0 млн теңге қаржы қаралып, Қуаңдария ауылдық округі аумағында орналасқан «Таңатар» каналын механикалық тазалау жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілсе, облыстық бюджеттен 22,5 млн теңге қаржыға Қармақшы ауылдық округі аумағында орналасқан Қараөзек арнасына «Қожатай» су реттегіш тоспасы қалпына келтірілді.

04 ақпан 2026 ж. 90 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№43 (10511)

09 маусым 2026 ж.

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 269
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 803

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930