» » ЕГІН ШАРУАШЫЛЫҒЫ БОЙЫНША – ОЗАТ АУДАН

ЕГІН ШАРУАШЫЛЫҒЫ БОЙЫНША – ОЗАТ АУДАН


2024 жылы жалпы көлемі 25 272 гектар алаңға егіс орналастырылды. Оның ішінде негізгі дақыл күріш көлемі 13 270 гектар. Күріш дақылының 13 016 гектары орылып, бастырылды. Орташа есеппен әр гектардан 60,14 центнерден өнім алынып, 78,2 мың тонна астық қамбаға құйылды.

Аймақ басшысының «Тұрғындардың өзін-өзі әлеуметтік маңызды көкөніс және бақша өнімдерімен қамтамасыз етуін қалыптастыру» туралы тапсырмасы негізінде 408 гектар бақшалық жерлер дайындалып, 930 отбасыға бөлініп берілді.

Сонымен қатар, суды үнемдеу мақсатында жаңа технологияларды пайдаланып, жаңбырлатып суару тәсілімен 20 гектар жоңышқа, тамшылатып суару тәсілімен 5 гектар көкөніс-бақша дақылдары егілді. 2025 жылы су үнемдеу технологиясын егіске пайдаланып 300 гектар егіс орналастыру жоспарлануда, оның ішінде тамшылатып суару арқылы 30 гектар бақша дақылдары және жаңбырлатып суару арқылы 270 гектар жоңышқа дақылдары өсіріледі.

Инженерлі тұрғыда әзірленген ауыспалы егістіктерде күріш егуге дайындалып 7,0 мың гектар жерлер лазермен тегістелді.

2024 жылы Ақтөбе ауылдық округінде «Оңталап» шаруа қожалығының тәулігіне 80 тонна және Жаңажол ауылдық округінде «Жаңажол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қуаттылығы тәулігіне 100 тоннаға дейін күріш өңдеп шығаратын зауыттары іске қосылды.
Нәтижесінде жыл қорытындысымен Қармақшы ауданы облыс бойынша «Егін шаруашылығы бойынша – Озат аудан» атанды.

31 қаңтар 2025 ж. 242 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930