» » 2025 жылдың қорытындысымен аудан бюджеті 21,6 миллиард теңгеге жетті

2025 жылдың қорытындысымен аудан бюджеті 21,6 миллиард теңгеге жетті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Сыр өңіріне деген айрықша қолдауының арқасында, облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлының басшылығымен Қазалы ауданында айтулы істер, жарқын жобалар жүзеге асып келеді. Бүгінде Қазалы ауданының экономикасының барлық саласында тұрақты өсім қалыптасып, даму көрсеткіштері ілгеріледі.
2025 жылға арналған аудан бюджетінің кірестері 18,9 млрд. теңге болып бекітіліп, 21,6 млрд. теңгеге нақтыланды. Оның ішінде, өз кірістеріміз 3,1 млрд. теңгеге бекітілсе, нақтыланған жоспар 4,1 млрд. теңге, нақты 4,5 млрд. теңгеге орындалып, бекітілген бюджеттен 1,4 млрд. теңге қосымша түсім қамтамасыз етіліп, 43,9% ұлғайды.
2026 жылға арналған аудан бюджетінің көлемі 13,6 млрд. теңге болып бекітілді. Оның ішінде, өз кірістеріміздің жоспары 4,2 млрд. теңге.
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуында 2025 жылдың 12 айында оң тенденция сақталды.
Өнеркәсіп өндірісі – 112,3 (32 млрд. 863 млн.теңге), өңдеу өнеркәсібі – 112,8 (28 млрд. 863 млн. теңге), сауда – 101,1 (16 млрд. 181,8 млн. теңге), ауыл шаруашылығы – 103,6 (30 млрд. 869,4 млн.теңге), негізгі капиталға тартылған инвестиция – 105,1 (29 млрд. 681 млн.теңге), құрылыс жұмыстарының көлемі – 145,6 (20 млрд. 726 млн.теңге), тұрғын үй құрылысы – 105,7 (67 093 ш.м.) пайызға артты.

02 ақпан 2026 ж. 210 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 074

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930