» » ТАЛАП ПЕН ЕҢБЕКТІ ТУ ЕТКЕН ТҰЛҒА

ТАЛАП ПЕН ЕҢБЕКТІ ТУ ЕТКЕН ТҰЛҒА


Білім бөлімінің ұйымдастыруымен №26 орта мектеп базасында білім беру саласы мен мемлекеттік қызметте ұзақ жылдар бойы абыройлы еңбек етіп, ел дамуына елеулі үлес қосқан, Қазақстан Республикасы «Білім беру ісінің үздігі», саяси ғылымдарының кандидаты Басшыбаев Мусахан Айтбайұлымен 70 жас мерейтойы қарсаңында тағылымы мол кездесу іс-шарасы өтті.

Кездесуге білім саласының ардагерлері, ұстаздар және оқушылар қатысты.

Іс-шара барысында оқушылар мен жас педагогтар Мусахан Айтбайұлына сауалдарын қойып, тұжырымды жауаптарын алды. Сонымен бірге қызметтес болған әріптестері мен білім саласының ардагер ұстаздары Мусахан Айтбайұлының еңбек жолын, ел дамуына қосқан үлесін, білім салысындағы қажырлы еңбектерін айтып, жас ұрпаққа еңбекқорлықтың, адал қызметтің, отансүйгіштік пен жауапкершіліктің маңызын насихаттады. Жастарды білімге ұмтылуға, үздіксіз ізденуге және биік мақсат қоюға шақырды.

Кездесу кешін білім бөлімінің басшысы Берік Съездұлы қорытындылап, мұндай тағылымды шаралардың жас ұрпақ тәрбиесіне маңызын атап өтіп,шараға қатысушы құрметті қонақтарға алғысын білдірді.

02 ақпан 2026 ж. 259 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 074

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930