» » ӨҢІРДЕ 517 ЖҰМЫСКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

ӨҢІРДЕ 517 ЖҰМЫСКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ


Өткен жылы Қызылорда облысында мемлекеттік еңбек инспекторлары тарапынан 278 тексеру жүргізіліп, еңбек заңнамасын бұзудың 348 дерегі анықталды. Нәтижесінде 517 жұмыскердің бұзылған еңбек құқықтары қалпына келтіріліп, жалақы бойынша қалыптасқан берешектер толық өтелді. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Бектемір Жұмағұлов мәлімдеді.

– Өткен жылы облыстағы 3 кәсіпорында 5 жұмыскерге қатысты 2,8 млн теңге көлемінде жалақы берешегі анықталған болатын. Алайда қабылданған шаралар нәтижесінде аталған қарыз жыл ішінде толық өтелді. Қазіргі таңда облыс аумағында кәсіпорындарда ағымдағы немесе ұзақ мерзімді жалақы берешегі тіркелмеген. Сонымен қатар есепті кезеңде 8 кәсіпорында ұжымдық еңбек дауы туындау қаупі байқалып, жағдай бақылауға алынды. Наразылықтардың негізгі себептері жалақыны арттыру, еңбек жағдайларын жақсарту және зиянды еңбек жағдайларында еңбек ететін жұмыскерлерге кәсіптік зейнетақы жарналарының төленбеуіне байланысты болды. Құзырлы мемлекеттік органдармен бірлесіп қабылданған жедел әрекет ету шараларының нәтижесінде кәсіпорындардағы ахуал тұрақтандырылды. Еңбек ұжымдарымен кездесулер ұйымдастырылып, қолданыстағы еңбек заңнамасы аясында жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, өткен жылы цифрландыруға және еңбек қатынастары саласындағы барлық процестердің ашықтығын арттыруға ерекше басымдық берілді. Осы бағытта облыстағы 382 кәсіпорынның штаттық кестелері еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне толық енгізілді. Қазіргі уақытта штаттық кестеге сәйкес қызметкерлерді тағайындау бойынша 382 мекеменің 371-і жүйеге енгізіліп, бұл көрсеткіш 97 пайызды құрап отыр. Бұдан бөлек, өткен жылы жоспарға сәйкес 785 кәсіпорынның ұжымдық шарттары цифрландырылып, жоспар 125,2 пайызға орындалды. Ал қаңтар айында қосымша 26 ұжымдық шарт енгізіліп, көрсеткіш 104 пайызға жетті, - деді Бектемір Ұлыбекұлы.
29 қаңтар 2026 ж. 75 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 781
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 137

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 492

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930