» » Еңбек құқығының қорғалуы маңызды

Еңбек құқығының қорғалуы маңызды

Облыста жұмыскерлердің еңбек құқығын қорғау мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Нақтырақ айтқанда, биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында еңбек саласына қатысты 107 тексеріс жүргізіліп, анықталған заң бұзушылықтарды жою жөнінде 82 нұсқама берілген. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылорда облысының бақылау жөніндегі басқармасының басшысы Ғанижан Қалиев хабарлады.

-Қазіргі таңда компанияларда туындайтын еңбек дауларының басым бөлігі – жұмыскерлерге берілетін жалақы мөлшеріне қатысты. Бұл мәселені түпкілікті шешудің бірден бір жолы – инфляция деңгейіне байланысты индекс жүргізу талабын компаниялардың ұжымдық шарттарына енгізу болып табылады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, бұл талап тек жұмыс беруші мен жұмыскерлер арасында өзара келісім арқылы жүргізіледі. Сонымен қатар жыл басынан бері облыстағы жұмыс берушілермен жүргізілген келіссөздердің нәтижесінде 62 компанияда еңбекақы мөлшері артқан. Бүгінде басқарма мамандарымен бірге өзге де мәселелерді шешу бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Біздің басқарма еңбек саласынан бөлек сәулет-құрылыс саласына да бақылау күшейтілген. Осыған сәйкес, мемлекеттік бюджет пен жеке инвесторлар есебінен салынатын нысандардың заңдылығы тексеріліп, аймақтағы 317 нысанға мониторинг жүргізілді, - деді басқарма басшысы Ғанижан Піртазаұлы.

@Өңірлік коммуникациялар қызметі

30 маусым 2023 ж. 452 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 608
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 384

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031