» » ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА

ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА

Аймағымызда еңбек қатынастарының заңдылығын қамтамасыз ету бағытында нақты нәтижелерге қол жеткізілуде. Биыл 305 жұмыскердің бұзылған еңбек құқықтары қалпына келтіріліп, жалақы қарызы толық өтелген. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің басшысы Бектемір Жұмағұлов мәлімдеді.

- Мемлекеттік еңбек инспекциясы тарапынан жыл басынан бері еңбек заңнамасының сақталуына тұрақты бақылау жүргізілуде. Атап айтқанда, 7 айда 147 тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 171 заңбұзушылық анықталды. Бұл деректер бойынша жұмыс берушілерге 120 нұсқама беріліп, олардың 91,6 пайызы орындалды. Сонымен қатар еңбек заңнамасын бұзған тұлғаларға қатысты 29 әкімшілік іс қозғалып, белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылды. Жүргізілген шаралар нәтижесінде 305 жұмыскердің бұзылған еңбек құқықтары қалпына келтірілді. Бұл жалақының кешіктірілуі, еңбек шарттарының рәсімделмеуі, жұмыс уақыты мен демалыс режимінің бұзылуы сияқты мәселелерді қамтиды. Жалақы қарыздары да дер кезінде өтеліп, тиісті жұмыстар атқарылды. Сондай-ақ, жыл басынан бері департаментке жеке және заңды тұлғалардан 1 226 өтініш түсіп, барлығы заңнамаға сәйкес қаралды. Оның ішінде 393 өтініш қанағаттандырылып, 321 өтініш басқа органдарға жолданды. Бұл өтініштер азаматтардың еңбек саласындағы құқықтық сауаттылығы артқанын және инспекторларға деген сенімнің жоғары екенін көрсетеді. Одан бөлек еңбек тәуекелдер картасында облыс бойынша 52 кәсіпорын жоғары тәуекел аймағында тұр. Осыған байланысты арнайы іс-қимыл жоспары қабылданып, барлық аудандарда кездесулер мен түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Біздің басты мақсатымыз - еңбек дауларының алдын алу, жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау және жұмыс орындарында қауіпсіз еңбек жағдайын қалыптастыру,- деді Бектемір Ұлыбекұлы.

@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

09 тамыз 2025 ж. 45 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№59 (10427)

09 тамыз 2025 ж.

№58 (10426)

05 тамыз 2025 ж.

№57 (10425)

02 тамыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 193
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031