» » Белгілі журналист Конституциялық комиссия отырысында білім және тәрбие жүйесіндегі зайырлылық туралы мәселені көтерді

Белгілі журналист Конституциялық комиссия отырысында білім және тәрбие жүйесіндегі зайырлылық туралы мәселені көтерді

Фото
Дихан Қамзабекұлы білім жүйесіндегі зайырлылық пен мәдениеттің Ата Заңда нақты айқындауды ұсынды.
Конституциялық комиссияның отырысында сөз сөйлеген «Қазақ газеттері» серіктестігінің бас директоры Дихан Қамзабекұлы білім жүйесі мен мәдениеттегізайырлылық Ата Заңда нақты көрініс табуы – зиялылық дәстүрдің талабы екенін айтты.
Мемлекеттік білім мен тәрбие жүйесі үшін зайырлы ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар – өркениет темірқазығы екенін еске салған ол дамудың даңғыл жолына түскен алдыңғы қатарлы елдерде солай болғанын және бола беретінін тілге тиек етті.
«Әй дейтін ажа, қой дейтін қожа жоқ» кейінгі ширек ғасырда қарашұбар жамылғы, сөлеңдеген сұрықсыздық, келте балақ, қауға сақал мен селдір сақал қаладан далаға дейін қаптап кетті. Қазақтың иманды, тәрбиелі, білімді ортасынқара бұлт, дүдамал діл басып алғандай күй кештік. Ата-анасын тыңдамайтын ұрпақ, ұлт дәстүрін тәрк еткен діндарсымақтар пайда болды. Ең қауіптісі, олар ұрпағын да жат бағытта тәрбиелеуге көшті», – деді Дихан Қамзабекұлы.
Ол Сирияға соғысқа барып адасқандар трагедиясы мен «Жусан» операциясының арқасында елге оралғандардың көз жасы көпке ой салуға тиіс екенін жеткізді.
«Діни экспансия тек мұсылман әлеміне ғана қатысты емес. Христиан дүниесі де, басқа ірілі-ұсақты мүләйімсіген конфессиялар да білім жүйесіне кіруге ентелегені жасырын емес. Дегенмен қазір ахуал түзеле бастады. Бұл тұрғыдаКонституциядағы зайырлылық нормасы осы зәрулікті оңтайлы шешер еді» деп ойын білдірді ол.
24 қаңтар 2026 ж. 178 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 074

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930