» » Е.ПАК: «ШАПАҒАТ» МЕДАЛІ ОРТАҚ ЕҢБЕККЕ БЕРІЛГЕН БАҒА

Е.ПАК: «ШАПАҒАТ» МЕДАЛІ ОРТАҚ ЕҢБЕККЕ БЕРІЛГЕН БАҒА


Қызылордада өткен бесінші Ұлттық құрылтайда ел бірлігі, қоғамдық келісім, жастар саясаты және азаматтық белсенділік мәселелеріне айрықша мән берілді. Мемлекет басшысы қоғамды ұйыстыратын бастамаларды қолдап, ел дамуына үлес қосып жүрген бірқатар азаматтарға мемлекеттік награда табыстады. Осыған орай бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Президент қолынан «Шапағат» медалін алған “Ассамблея жастары” республикалық қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының төрағасы Елена Пак құрылтайда көтерілген мәселелер мен марапаттың мәні жөнінде өз ойымен бөлісті.

– «Шапағат» медалімен марапатталғаныма шын жүректен қуаныштымын. Ұлттық құрылтай барысында Президентіміздің жастарға ерекше қамқорлығын сезіндік. Маған берілген медаль да соның дәлелі. Ол үшін Мемлекет басшысына зор алғыс білдіремін. Бұл марапатты жеке еңбегімнің ғана емес, Ассамблея жастары ұйымының ортақ жетістігі, бірлескен жұмыстың нәтижесі деп қабылдаймын. Ұйымымыздың басты мақсаты – жастар бастамаларын дамыту, қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту. Соңғы үш жылда облыстық деңгейде 80-ге жуық іс-шара өткізіліп, 5 ірі жоба жүзеге асырылды. «Social Assembly», «Бірлік тілі», «Ел мұрасы», «Таза орта», «Қасиетті парыз», «Жастар медиа» бағыттары бойынша жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Бұл марапат бізге жаңа жауапкершілік жүктеп, алдағы уақытта да елге қызмет етуге жігер береді. Алдағы уақытта да бірлесе отырып, елге пайдасы тиетін бастамаларды іске асырып, үлкен мақсаттарға жетеміз деп сенемін, – деді Елена Владимировна.

@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

23 қаңтар 2026 ж. 195 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 074

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930